Әлем

Арқанмен кемеге түсіп жатқан: Мурманскіде арнайы жасақтың екі өкілі мерт болды – видео

© Sputnik / Vladimir Astapkovich / Медиабанкке өтуУдарный вертолет Ка-52 "Аллигатор" выполняет демонстрационный полет в рамках Международного форума "Армия-2020" на аэродроме "Кубинка" в Подмосковье
Ударный вертолет Ка-52 Аллигатор выполняет демонстрационный полет в рамках Международного форума Армия-2020 на аэродроме Кубинка в Подмосковье - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2021
Жазылу
Алдын ала болжам бойынша қайғылы оқиғаға тікұшақ пен кеме арасындағы арқанның қысқалығы себеп болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Мурманскіде арқан арқылы тікұшақтан кемеге түсіп жатқан ресейлік арнайы жасақтың екі офицері қаза тапты, деп хабарлайды Mash телеграмм арнасы. 

Қайғылы оқиға әскери оқу-жаттығу кезінде болды. Арнайы жасақ өкілдері тікұшақтан кеменің үстіне арқан арқылы түсуі тиіс еді. Алайда, арқанның ұзындығы қысқа болғандықтан, әскерилер 15 метр биіктіктен құлаған. Олардың бірі оқиға орнында, ал екіншісі ауруханада көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Тікұшақ құлаған сәтті ішінде отырған жолаушы камераға түсіріп алды – видео

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты тергеу комитеті "салғырттық" бабы бойынша тексеруді бастады.

Жаңалықтар
0