Әлем

Қазанда мектепте атыс шығарған екінші күдіктінің көзі жойылды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуСтрельба у школы в Казани
Стрельба у школы в Казани - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Татарстан басшысы Минниханов Қазанда мектептегі атыстан бір мұғалім мен жеті бала көз жұмғанын мәлімдеді. Сондай-ақ жиырма адам жараланған

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазанда арнайы операция кезінде балаларға оқ жаудырған екінші күдіктінің көзі жойылды. Біріншісі оған дейін ұсталған болатын, деп хабарлайды РИА Новости.

Түрлі деректерге сүйенсек, қаза болғандар саны 8-ден 11 адамға дейін барады. Татарстан президенті Рустам Минниханов сегіз адамның, ал Қазан қаласының әкімшілігі 11 адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Миннихановтың ақпаратынша, атыс кезінде мұғалім және жеті бала ажал құшты. Мэрияның дерегіне сүйенсек, барлығы он бір адам, соның ішінде екі оқушы үшінші қабаттан секіріп, көз жұмған.

"360" телеарнасының дереккөзі шабуыл сабақ кезінде басталғанын айтты. Балалар сигнал алған бойда жерге жатқан. Бірақ мектепте мылтық даусы естіліп тұрды. Оқушылар мен мұғалімдерді эвакуациялауға құтқарушылар мен ОМОН көмектесті.  

Телеарнаның мәліметінше, қаза болғандар арасында бастауыш сынып мұғалімі бар. Расталмаған ақпаратқа сүйенсек, оқытушыны балалардың көзінше өлтірген.

БАҚ оқ жаудырғандардың бірі осы мектептің түлегі екенін хабарлады. Шабуылға дейін колледжде IT-мамандыққа оқыған. Оның әкесі ұлының ешқандай дінді ұстанбайтынын және арам пиғылы болмағанын айтты.

Татарстан президенті Рустам Минниханов атыс ұйымдастырғандардың бірі 19 жаста екенін мәлімдеді. Оның атына мылтық тіркелген.

Сондай-ақ 41 жастағы ер адам ұсталды. Оған күдіктілерге жәрдемдесті деген айып тағылып отыр.

Жаңалықтар
0