Әлем

Мәскеу басшылығы Тимур Бекмамбетовтің үйін тәркілеуді талап етті – видео

© Sputnik / Владислав ВодневРежиссер Тимур Бекмамбетов
Режиссер Тимур Бекмамбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Өткен жылы үйді комиссия тексеріп, барлық техникалық өзгерістерді жазып кеткен. Сол кезде мамандар кейбір қабырғаның жарылғанын байқаған

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Мәскеу мэриясы Тимур Бекмамбетовтің үйін сот арқылы тартып алмақшы. Себебі танымал кинорежиссер мәдени мұраға жататын үйдің ішін өзгерткеннен кейін қабырғалар жарыла бастаған, деп хабарлайды Mash телеграм-арнасы. 

Тимур Бекмамбетов бірнеше жыл бұрын Мазинг үйінен жалпы ауданы 226 шаршы метрлік пәтер салып алған. Оның кадастрлық бағасы 88 миллион рубль. Бірақ кинорежиссер сатып алған үйге алдымен күрделі жөндеу жасап, содан соң қоныстануды жоспарлаған. Алайда құрылысшылар төбені тіреп тұрған бірнеше қабырғаны алып, еденді қопарып тастаған. 

Былтыр үйге комиссия келіп, барлық техникалық өзгерістерді жазып кеткен. Сол кезде мамандар кейбір қабырғаның жарылғанын байқаған.

"1912 жылы салынған Мазинг үйі мәдени мұраға жатады. Оған қоса, Бекмамбетовтің көршісі – антиквар және ескі автомобильдерді жинаушы Вадим Задорожный да бірнеше рет арыз түсірген", – делінген хабарламада.

Осыдан кейін Мәскеу мэриясы ескерту жасап, барлығын бастапқы қалпына келтіруге сұраған. Бірақ құрылыс жұмыстары ешбір згеріссіз жалғасып жатқандықтан, шенеуніктер сот арқылы пәтерді тәркілеуді талап етті.

Оқи отырыңыз: Бекмамбетов "Бен Гур" фильмінің сәтсіздікке ұшырауын түсіндірді

Жаңалықтар
0