Әлем

Лавров АҚШ пен Ресей қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр иностранных дел России Сергей Лавров
Министр иностранных дел России Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Рейкьявикте АҚШ мемлекеттік хатшысымен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

МӘСКЕУ, 28 сәуір — Sputnik. Соңғы уақытта Ресей мен АҚШ қарым-қатынасы дағдарысты бастан өткізіп жатыр: бірінен кейін бірі америкалық санкциялар жарияланып, дипломаттар елден қуылуда, Ресей жауапты шаралар қабылдауға мәжбүр. РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров РИА Новостиге берген сұхбатында Ресей тығырыққа тірелген бұл қарым-қатынасты қалай түзетуге болатыны, америкалықтар бұл қадамға дайын ба, жоқ па - осы жайында ойымен бөлісті. Ол сондай-ақ қазіргі арадағы шиеленіс не себепті қырғи-қабақ соғыс кезіндегіден де нашар екенін түсіндірді.

- Америкамен қарым-қатынас ушығып кетті. Екі мемлекет арасы осыншалықты нашарлағаны есімде жоқ. Елшілер өз елдерінде отыр. Бұдан әрі не болады?

Егер барлығы бізге тәуелді болса, біз қалыпты қарым-қатынасқа қайта оралып, Ресей дипломаттарының АҚШ-тағы жұмысын шектейтін барлық шараның күшін жояр едік. Біз Байден әкімшілігі өз қызметіне кіріскен күні-ақ осы шараларды ұсынған болатынбыз. Бұл жайлы Блинкенге де айттым. Президент қызметінен кетуіне екі апта қалған шақта Барак Обама бастаған барлық шараны жойып, қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бұл қадамның маңыздылығын ескерттім. Обама Вена конвенциясының барлық нормасын бұзып, ресейлік дипломаттарды қуып шыққан болатын. Біз ұзақ уақыт сабырлық танытып келдік. Себебі Трамп әкімшілігі экс-президент әкімшілігінің Ақ үйден кетіп бара жатып жасаған бұл қадамдарын елемеуді сұрады. Алайда Трамп әкімшілігі де жағдайды түзете алмады. Сондықтан біз де жауапты әрекеттерге көшуге мәжбүр болдық.

Визит министра иностранных дел РФ С. Лаврова в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
Қоғам
Ресей Қазақстанмен әуе қатынасын кеңейтуге ниетті – Лавров
Байден әкімшілігі де осы бағытта келе жатқанын көріп отырмыз. А инаугурациядан кейін Путин мен Байденнің сөйлесуі кезінде, менің мемлекеттік хатшы Блинкенмен әңгімем барысында америкалықтар бізге Ресеймен қарым-қатынасқа ауқымды шолу жасап жатқанын және жақын уақытта мәселенің ақ-қарасын ажырататынын айтқан болатын. Бірақ тағы жаңа санкциялар қабылданып, біз оларға қатысты өткір жауап беруге, қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр болдық. Бұл Ресейдегі америкалық дипломатиялық миссияларда жұмыс істеп жатқан және саны жағынан АҚШ-тағы ресейлік дипломаттардан басым түсетін дипломаттарға да қатысты.

Ал енді екі ел қарым-қатынасының стратегиялық көрінісіне келер болсақ, онда Вашингтондағылар да әлемдегі стратегиялық тұрақтылықтың жауапкершілігін сезінеді деп үміттенемін. Бұл тек РФ мен АҚШ және оның азаматтарының проблемасы емес, бұл халықаралық қауіпсіздікке үлкен қатер төндіретін проблемалар. Сондықтан біз АВС телеарнасына берген сұхбатында Джо Байден білдірген пікірге қатысты қалай жауап бергенімізді білесіздер. Сол сияқты АҚШ президентінің кездесу өткізуге қатысты ұсынысын президент Путин оң көзқараспен қабылдағанын білесіздер. Тағы қайталап айтамын, екі ел қарым-қатынасы түзелуі үшін АҚШ бірполярлы әлем құруға деген талпынысын тоқтатуы керек, барлық мемлекет батыс елдеріне бағынатын және батыс басқа елдерді Қытай мен Ресейге қарсы қоятын қандай да бір конструкция құрастырудан бас тартуы, БҰҰ Жарғысында жазылған "басқа елдің тәуелсіздігін, аймақтық біртұтастығын" құрметтеп, оның ішкі мәселелеріне араласпауын ұғынуы және бізбен сыйластыққа негізделген және тең дәрежеде диалог жүргізуге дайын болуы керек. Әйтпесе бұдан ештеңе шықпайды.

- Егер АҚШ өз ойынан, өз бастамасынан бас тартпаса не болмақ?

Бұл өз таңдаулары. Онда өзіңіз айтқандай қырғи-қабақ соғыс кезіндегідей қарым-қатынаста өмір сүруді жалғастыра береміз. Менің ойымша, соғыс кезінде шиеленіс, текетірес болуымен қатар өзара сыйластық та бар еді. Ал қазір ол тапшы.

- Мен дипломаттардың жұмысына сын айтып, мемлекеттердің мәмілеге келуіне, диалог орнатуына тиісті деңгейде үлес қоса алмай отыр деген пікірлерді жиі көзім шалып қалады. Осыған не дейсіз?

Ондай бағалауларды мен де оқимын. Бізде сөз бостандығы басқа елдерге қарағанда әлдеқайда жақсы қорғалған деп санаймын. Мен оппозициялық интернет-ресурстарды да оқимын және бұл адамдардың да өз ойын, пікірін білдіруге құқықтары бар деп ойлаймын. Жалпы әдемі өмір сүру, қарның тоқ болу, балаларың, туыстарың, достарың үшін алаңсыз болумен қатар біздің елде әркез ұлттық мақтаныш сезімі маңызды рөл ойнаған. Егер кейбір адамдар үшін бұл құндылықтың еш бағасы болмаса, ол әркімнің өз таңдауы. Алайда біздің халықтың басым бөлігі басқа пікірде деп сенемін.

- Блинкенмен кездесу болады деп ойлайсыз ба? Шамамен қашан өтеді?

Біз телефон арқылы сөйлескен кезде мен дипломатиялық әдепке сай оны құттықтадым. Біз бірқатар жағдайға баға бердік. Әңгімеміз бір сарынды, қалыпты, оң сипатта өтті. Мен америкалық әріптестеріміз мемлекеттік департаменттегі өз штаттарын қалыптастыруды аяқтаған соң біз дипломатиялық миссиялардың жұмысынан бастап стратегиялық тұрақтылыққа дейінгі ауқымды мәселелер бойынша талқылау жүргізіп, байланыс орнатуға дайын екенімізді жеткіздім. Жалпы Америка мен Ресей бизнесі әріптестікті жалғастыруға мүдделі. Бұл туралы жақында ғана америкалық-ресейлік сауда палатасы да мәлімдеді. Біз бірлескен көпжақты іс-шаралар өткізіп, соның аясында талқылау жүргізуге келістік. Әзірше Америка тарапынан ешқандай ишара жоқ. Уақытына келер болсақ, үш аптадан кейін Ресей Исландия өкілеттілігінің аяқталуына орай Арктика кеңесіндегі төрағалық қызметіне кіріседі. Менің білуімше, 20-21 мамырда Рейкьявикте министрлердің кездесуі өтеді. Егер америкалық делегацияға мемлекеттік хатшы жетекшілік етсе, онда Блинкен өз тарапынан қызығушылық танытса мен келіссөздер жүргізуге дайынмын.

Жаңалықтар
0