03:40 06 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.85
  • EUR512.35
  • RUB5.71
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
81 0 0

Владимир Путин оқушыларға, жүкті әйелдерге және жалғызбасты ата-аналарға жәрдемақы төлеуді, сондай-ақ осы жылы шекара аспай, Ресейде демалатын ресейліктерге жалақының бір бөлігін қайтаруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Федералды жиынға жолдау арнап, ресейліктерді коронавирусқа қарсы екпе салдыруға шақырды және азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша бірқатар тапсырма берді.

Ресей президентінің қызықты әрі өзекті бастамалары туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыздар.

ЕАЭО-мен одақтастық

Путин өз жолдауында Ресейдің Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ), сонымен қатар БРИКС (Ресейден басқа Бразилия, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка құрамына кіретін топ) секілді бірлестіктер аясындағы ынтымақтастығына назар аударды.

"Біз дәл осы өзара сыйластық негізінде әлемнің көптеген мемлекеттерімен – Азия, Латын Америкасы, Еуропа елдерімен байланыс орнатып отырмыз. ШЫҰ, БРИКС, ТМД және ҰҚШҰ бойынша одақтастармен бірізді және басымдыққа ие тәртіпте қарым-қатынасты кеңейтудеміз", – деді Владимир Путин Ресейдің Федералды жиынына арнаған жолдауында.

Оның айтуынша, ЕАЭО аясындағы Ресейдің ортақ жоспарлары экономика мен азаматтардың әл-ауқатының өсімін қамтамасыз етуге бағытталған.

"Мұнда жаңа қызықты бағыттар пайда болып жатыр. Соның бірі – көлік-логистикалық дәліздерді дамыту. Олар ауқымды еуразиялық әріптестіктің сенімді инфрақұрылымдық тірегіне айналады деп сенемін. Бұл кең әрі ашық бірлестіктің ресейлік идеялары, соның ішінде басқа да интеграциялық процестермен үйлестіру есебінен іске асырылып жатыр", – деді Ресей президенті.

Путин мұны ұлттық даму мәселелерін шешуге арналған оңтайлы құрал деп атады.

Вакциналау

Путин адамзат баласы әлі коронавирусты жеңбегенін еске салып, ол әлі де адам өмірі үшін қауіп төндіріп тұрғанын айтты.

"Біз көп елдегі жағдай қаншалықты ушығып, ауру жұқтырғандар саны артып жатқанын көріп отырмыз. Қазір біз вирустың таралуына жол бермейтін барлық межені бақылауда ұстау керекпіз", – деді Ресей президенті.

Ол азаматтарды дәрігерлер мен санитарлық қызметкерлердің барлық ұсыныстарын сақтауға шақырды.

"Ресей азаматтарына қарата айтқым келеді: қымбаттыларым, сақ болу керекпіз. Қазір басты назар вакциналауда болып тұр. Екпе салдырыңыздар! Біз тек осы арқылы өмірге тікелей қауіпті эпидемияға тосқауыл бола аламыз. Басқа жол жоқ", – деген Путин вакциналау алдағы күзге қарай ресейліктерде ұжымдық иммунитет қалыптастырады деп үміттенетінін жеткізді.

Биоқауіпсіздік

Путин өз сөзінде санитарлық және биологиялық қауіпсіздік саласында Ресейдің "қуатты әрі сенімді" қорғанысы болуы керектігін атап өтті. Ресей вакциналардың барлық түрін, фармацевтикаға арналған субстанциялар, қазіргі антибиотиктерге төзімді инфекцияларға арналған дәрілер өндірісінде тәуелсіз болуы қажет. Президент мұны мейлінше ресейлік жабдық пен компоненттерді қолдана отырып әзірлеу маңыздылығын ескертті.

"Коронавирус секілді немесе одан да қауіпті инфекция пайда болған жағдайда Ресей төрт күннің ішінде өз тест-жүйесін әзірлеуі және қысқа мерзім ішінде тиімді отандық вакцина әзірлеп, оның жаппай өндірісіне кірісуі керк", – деді Ресей көшбасшысы.

Путин бұл мақсатқа 2030 жылға қарай қол жеткізу қажеттілігін атады.

Ішкі туризм

Біраз бұрын Ресейде ішкі туризмді ынталандыруға арналған бағдарлама іске қосылды. Мемлекет бағдарламаға қатысушылардың Ресей бойынша туристік саяхат кезінде жұмсаған қаражаттарының 20%-ін қайтарады. Путин осы бағдарламаның мерзімін ұзартуды ұсынды.

"Мейлінше көп адам санаторий мен курортта өз денсаулықтарын ақсарта алуы үшін бұл бағдарламаның мерзімін кемінде жыл соңына дейін созуды ұсынамын. Бағдарламаға сәйкес Ресей бойынша туристік саяхатқа жұмсаған қаражаттың 20%-і қайтарылады", – деді Ресей президенті.

Сонымен қатар ол осы жылы өз балаларын жазғы лагерьге жіберетін ресейліктердің шығынының тең жартысын қайтаруды ұсынды.

Балаларға арналған әлеуметтік төлемдер

Путин балаларды бір өзі тәрбиелеп отырған жалғызбасты ата-аналарды қолдау бойынша бастама көтерді.

"Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап осындай отбасындағы 8-16 жас аралығындағы балалар үшін мемлекет тарапынан төлем жасалады. Оның көлемі республика бойынша орта есеппен 5 650 рубль (шамамен 31,8 мың теңге – Sputnik) болады", – деді президент.

Ол сондай-ақ қаржы проблемасына тап болған жүкті әйелдерді қолдауды ұсынды.

"Жүктіліктің ерте мерзімінде есепке тұрған және қиын материалдық жағдайға тап болған әйелдер үшін ай-сайынғы жәрдемақы қарастыруды ұсынамын. Мұндай төлемақының көлемі айына 6 350 рубль (шамамен 35,8 мың теңге – Sputnik) болады", – деді Путин.

Сонымен қатар Ресей президенті науқастануына қатысты бала күтімімен үйде отыруға мәжбүр әйелдер үшін төлемақыны теңестіру қажеттілігін атады. Айта кету керек, Ресейде мұндай төлемнің көлемі әйелдің еңбек өтіліне қарай есептеледі.

Сондай-ақ, Путин мектеп жасындағы балалары бар отбасылар үшін бір реттік қаржылай көмек көрсетуді ұсынды.

"Барлық оқушылар үшін 10 мың рубльден төлеуді ұсынамын. Бұл әдісті осы жылы бірінші сыныпқа баратын оқушылар үшін де қолдану керек. Төлем тамызда жасалады. Себебі ата-аналарың балаларды мектепке қамдайтын уақыты болуы керек", – деді президент.

Қорғаныс

Ресей президентінің айтуынша, 2024 жылға қарай әскердегі заманауи қару-жарақ пен техниканың үлесі 76%-ке жуықтайды. Ал ядролық триада бұл көрсеткіш осы жылы 88%-тен асады. Ол "Авангард" гипердыбысты кешені мен "Пересвет" лазерлік кешені жауынгерлік кезекшілікте тұрғанын айтты.

"Сармат" континентаралық баллистикалық зымырандарымен жабдықталған бірінші полк жоспарға сәйкес 2022 жылы кезекшілікке түседі", – деді Путин.

Оқи отырыңыз: Владимир Путин Федералды жиналысқа жолдау жасады – видео

Ол "Кинжал" гипердыбысты зымырандары бар соққы жасаушы авиакешендері мен "Калибр" зымыранды кемелерінің саны артқанын атап өтті.

"Жақын уақытта "Циркон" гипердыбысты зымырандары да жауынгерлік кезекшілікке тұрады. "Посейдон", "Буревестник" заманауи соғыс кешендері және тағы басқа жүйелері аясындағы жұмыстар толық көлемде жоспарға сәйкес жүріп жатыр", – деп қорытты Ресей президенті Владимир Путин.

Тақырып бойынша

Көкшетаудағы ынтымақтастық форумына Тоқаев пен Путин қатысуы мүмкін
Путин менің өтінішімді түсіністікпен қабылдады – Тоқаев
"Оны да менің атыма жазып қоймаңыздар": Путин зәулім сарай жайында қалжыңдады – видео
Путин коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін салдырды
Ресей бірқатар елмен өзара сыйластық негізінде байланыс орнатқан – Путин
Кілт сөздер:
Владимир Путин, жолдау
Загрузка...

Басты тақырып