Әлем

Ресей әуежайында екі ұшақ соқтығысты – фото

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуӘуедегі ұшақ
Әуедегі ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Жазылу
Ұшақтардың біреуі жақын жерде тұрған Як-40-ға барып соғылған, әуежай тұрағы мен ұшақтар тексеріліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір — Sputnik. Сургут қаласындағы әуежайда оталып тұрған ATR-72 маркалы ұшақ өздігінен жүріп кетіп, жақын жердегі Як-40 әуе кемесіне соғылды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, 2021 жылы 1 сәуірде ұшақтарға техникалық қызмет көрсету кезінде қозғалтқышы істеп тұрған ATR-72 әуе кемесі өздігінен жүріп кетті. Соның салдарынан тұрақтағы Як-40 ұшағына соғылды. Екі ұшақтың салонында экипаж да, жолаушылар да болған жоқ", - делінген ресми хабарламада.

© Photo : Уральское следственное управление на транспортеРесейде екі ұшақ соқтығысты
Ресей әуежайында екі ұшақ соқтығысты – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Ресейде екі ұшақ соқтығысты

Қазіргі кезде оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Олар әуежай тұрағы мен ұшақтарды тексеруге кірісті. Куәгерлерден де жауап алынуда. Негізгі мақсат – оқиғаның мән-жайын анықтау. Тексерістің нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.

Айта кетейік, 2020 жылы Санкт-Петербург әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалған еді. S7 әуе компаниясының борты бұрылғанда "Урал әуе желілері" компаниясының ұшағын іліп кетті.

Жаңалықтар
0