Әлем

Мысығы тістеп алған әйел көз жұмды

© Photo : EyeCandyDesignzКошка
Кошка - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2021
Жазылу
60 жастағы әйел коронавирусқа шалдықтым деп ойлап, ауруханаға барған. Науқас 25 наурыз күні көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Ресейдің Волгоград облысының тұрғынын мысығы тістеп алды. Әйел өзін бірден жайсыз сезінген. Көп ұзамай қайтыс болды.

Марқұмның мысықтан құтыру дертін жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды РИА Новости.

60 жастағы әйел коронавирусқа шалдықтым деп ойлап, ауруханаға барған. Алайда дәрігерлер құтыру дертінің белгілерін анықтап, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберді.

Науқас 25 наурыз күні көз жұмды.

Эпидемиологиялық тексеріс кезінде әйелдің мысығы мен иті болғаны анықталды. Бір жарым ай бұрын мысығы ит пен иесін тістеп алған. Ит өліп кетті, бірақ әйел дәрігерлер көмегіне жүгінбеді.

Дәрігерлердің айтуынша, құтырудың инкубациялық мерзімі бірнеше күннен 3 жылға дейін созылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0