14:45 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
60 0 0

18-60 жас аралығындағы еріктілерге жүргізілген клиникалық тестілеудің нәтижесі жарияланды: екінші дозаны салғаннан кейін 21 күн өткен соң барлық еріктінің ағзасында антиденелер түзілген

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Коронавирусқа қарсы ресейлік "ЭпиВакКорона" вакцинасы үш иммундық қорғаныс қалыптастырады, деп хабарлады Роспотребнадзор. Препараттың жұмыс істеу принципі туралы мәліметтер ведомствоның ресми сайтында жарияланды.

Антиденелер SARS-CoV-2 вирусының S-ағуызының жасуша рецепторымен өзара әрекеттесуіне кедергі келтіреді. Осылайша бірінші қорғаныс желісі қалыптасады. Вирусты қабықшаның жасушалы мембранамен бірігуіне кедергі жасайтын антиденелер екінші қорғаныш деңгейі болады. Бұл кезде вирустың енуіне қарсы әрекет жүреді. Егер патоген жасушаға енсе, онда үшінші деңгейлі қорғаныс іске қосылады. Бұл кезде макрофагтар, нейтрофилдер және табиғи киллерлер секілді иммундық жүйе элементтері күшейе түседі. Релизде көрсетілгендей, "ЭпиВакКорона" антиденелік әсерден бөлек иммундық Т-жасушалы әсер береді.

Бұған дейін "Инфекция және иммунитет" журналы 18-60 жас аралығындағы еріктілерге жүргізілген клиникалық тестілеудің бірінші және екінші кезеңдерінің нәтижесін жариялады: екінші дозаны салғаннан кейін 21 күн өткен соң барлық еріктінің ағзасында антиденелер түзілген.

"ЭпиВакКорона" – коронавирусты инфекцияның алдын алу үшін Ресейде әзірленген екінші ("Спутник V" вакцинасынан кейін) препарат. Оның құрамында тірі вирус жоқ және жасанды синтезделген пептидтерді пайдаланудың арқасында иммунитет түзеді.

Сондай-ақ Ресейде коронавирусқа қарсы тағы екі вакцина бар. Олар – Гамалея атындағы орталық әзірлеген "Спутник V" және РҒА Чумаков атындағы орталықта дайындалған "КовиВак".

Загрузка...

Басты тақырып