13:51 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
74 0 0

Бұл вакцина SARS-CoV-2 вирусына негізделген. Яғни бұл вирустың инфекциялық қасиеттері жойылып, иммундық реакция тудыратын қабілеті сақталған

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Чумаков атындағы орталықтың алаңында ресми түрде "КовиВак" вакцинасының өндірісі басталды, деп хабарлады РИА Новости.

Ампулалардың алғашқы партиясын қаптау жүйесін Ресей білім және ғылым министрі Валерий Фальков іске қосты. Сонымен қатар ведомство басшысы коронавирусқа қарсы ресейлік үшінші вакцинаны әзірлеу мен оның өндірісіне қатысқан Чумаков атындағы орталық мамандарына ведомстволық марапатты тапсырды.

"Чумаков атындағы орталық ұжымының бірқатар қызметкеріне бүгін марапатты табыс ету мен үшін қуанышты жағдай. Сіздерге үлкен алғыс айта отырып, керемет нәтижеге қол жеткізулеріңізбен құттықтағым келеді. Ерен еңбектеріңіз бен жүйелі жұмыстарыңыз үшін рақмет", – деді Фальков.

Оның айтуынша, аталған орталықтың тағы бірқатар маманы мемлекеттік наградаға ұсынылатын болады.

Жалпы бұл препарат бұлшықетке егуге арналған суспензия түрінде дайындалған. Чумаков орталығындағылар препарат сынағына қатысқан еріктілердің ағзаларындағы антиденелер деңгейін жоғары бағалап, осы жылдың күзінде ДДҰ-ға қайта квалификациялауға құжат тапсыруды жоспарлап отыр.

"Осылайша ресейлік үшінші вакцина азаматтық айналымға шықты және жақын күндері өңірлерде пайда болады", – деп жазылған релизде.

"КовиВак" – бұл бүтін вирусты вакцина. Ол SARS-CoV-2 вирусына негізделген. Яғни бұл вирустың инфекциялық қасиеттері жойылып, иммундық реакция тудыратын қабілеті сақталған.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырғаннан кейін моншаға баруға бола ма – маман жауабы

Мұндай препараттарда вирус бөлшегінің бүкіл ағуыздар жиынтығын құрауы нәтижесінде иммундық жауап та толық деңгейде болады.

"КовиВак" препараты ақпан айында тіркеуден өткен болатын. Жыл соңына дейін кемінде 10 миллион доза әзірлеу жоспарда бар.

Тақырып бойынша

Вакцина салғызған адам вирус таратушысы бола ма?
Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сәуірдің соңына қарай дайын болады
"Сотталғандарға өзгелерден бұрын вакцина салынды": министрлік сынға жауап берді
Баспана, вакцина және азық-түлік бағасы: Тоқаев Маминге бірқатар тапсырма берді
Путин коронавирусқа қарсы вакцина салғызды
Кілт сөздер:
вакцина
Загрузка...

Басты тақырып