Әлем

Ресей АҚШ-тағы елшісін неге қайтарып алды

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуМәскеудегі АҚШ елшілігі
Мәскеудегі АҚШ елшілігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2021
Жазылу
Стратегиялық шабуылдау қарулары туралы келісімшарт мерзімі ұзартылғаннан кейін екі мемлекет арасындағы шиеленіс шешіледі деген үміт болған еді. Бірақ жаңа әкімшілік Мәскеумен қарым-қатынасты реттеуге ниетті емес екені анық байқалып тұр

АҚШ президенті Джо Байденнің ресейлік әріптесі Владимир Путин туралы жағымсыз пікірінен кейін Мәскеу Вашингтондағы елшісін елге қайтарып алды. Мұндай жағдай Ауғанстанға кеңес әскері кірген уақыттан бері болмаған. Енді қос мемлекеттің көшбасшылары бетпе-бет кездесетін диалог бола ма деген сауал көпті мазалауда. Екіжақты қарым-қатынасты не күтіп тұрғаны туралы РИА Новости материалынан оқыңыз.

Миротворческое учение началось в Алматинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2021
Ресей солтүстік аймағын ерекше қарумен қорғайтын болды
Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов консультация үшін Мәскеуге ұшып келді. РФ СІМ өкілі Мария Захарова ресейлік елші қызметтік мерзімі аяқталудан бұрын АҚШ астанасынан кеткен соңғы жағдайды есіне түсіре алмады. Антонов барлық маңызды мәселе талқыланғаннан кейін ғана оралады.

Дүйсенбі күні Смоленск алаңында талқыға салынған өзекті мәселенің бірі – Вашингтонның ықпал етуімен соңғы жылдары ауыр жағдайда тұрған ресейлік-америкалық қарым-қатынасты түзету жолдары.

"Өте ауқымды жұмыс қажет болады, - деді Антонов. Қазіргі жағдайға талдау жасау керек. Ресейлік тарап қарым-қатынасты дамытуға америкалық тараппен бірдей мүдделі екенін мәлімдеді. Қазір бір шешімге келетін уақыт".

Мәскеу осы мәселені талқылап жатқанда Байден ресейлік әріптесімен сөйлесуге және уақыты келгенде кездесуге ниетті екенін мәлімдеді. Ал Ақ үй жаңа әкімшіліктің  Ресеймен қарым-қатынасы өткен төрт жылдағыдай мүлде басқаша болатынын мәлімдеуден жалығар емес.

Ынтымақтастық саласы анау айтқандай көп емес. Байден шұғыл шешім қабылдауы тиіс бір ғана мәселе болды. Ол – Стратегиялық шабуылдау қарулары туралы келісімшарт мерзімін ұзарту. Трамп командасымен келіссөздер жүргізу өте қиын болды. Америкалық тарап қосымша талаптар қойып, Қытайды да келісімшартқа қосуды көздеді. Байден уәде еткендей, ең алдымен, аталған құжат мерзімін бес жылға созды. Оның пікірінше, бұл келесі келіссөздер үшін негіз бола алады.

Алайда МҚММИ Халықаралық зерттеулер институты Еуроатлантикалық қауіпсіздік орталығының ғылыми аға қызметкері Андрей Баклицкий құжат аз мерзімге ұзартылғандықтан жақын уақытта-ақ оны қайта талқылау қажет болатынын айтты. Сондай-ақ, маман бұл келісімшарт стратегиялық шабуылдау қаруын реттегенмен, оның қорғаныс қаруларына, ғарышқа еш қатысы жоқ екенін де еске салды.

Мәскеу барлық шабуылдау, қорғаныс, ядролық және ядролық емес қару-жарақты қамтитын қауіпсіздіктің жаңа стратегиясын қарастыруды ұсынып отыр. Ол қауіпсіздіктің әскери-техникалық және әскери-саяси аспектілерінің эволюциясын қамтуы керек.

Ынтымақтастық орнатуға арналған басқа да салалар бар: бейбіт ғарыш кеңістігі, климаттың өзгеруі, Таяу Шығыстағы, Арктикадағы өзара әрекеттестік, инфекциялық аурулар. Бірақ өткен жыл әлемдегі пандемия байланыс пен қарым-қатынас аясын кеңейтуге кедергі келтіріп отырғанын көрсетті. Оның үстіне Вашингтонның Кремльге қатысты санкциялық саясаты қайта күшіне мінді. Оған себеп те табыла кетті. АҚШ Мемлекеттік департаменті ресейлік соттың Алексей Навальныйға қатысты шешімін қатты сынап, бұл адам құқықтарын таптау деп атады.

Кандидат в президенты США от Демократической партии и бывший вице-президент Джо Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2021
Әлем
АҚШ Ресейдің мемлекеттік қарызына шүйлікті
Шектеу шаралары ұзақ күттірмеді. Наурыз айының басында АҚШ Навальный ісіне байланысты 14 ұйымды қара тізімге енгізді. Ақ үй пікірінше, олардың барлығы "биологиялық және химиялық қару элементтерінің өндірісіндегі түрлі аспектілерге" жұмылдырылған. Ресейлік жеті шенеунік те санкция қаһарына ілікті.

Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Андрей Кортунов Вашингтон белгілі бір салалар бойынша ғана әріптестік орнатқысы келетінін айтты. Стратегиялық шабуылдау қарулары туралы келісімшарт мерізімі ұзартылғаннан кейін екі мемлекет арасындағы шиеленіс шешіледі дегенге аз да болса үміт болған еді. Сарапшының пікірінше, жаңа әкімшілік Мәскеумен қарым-қатынасты реттеуге ниетті емес екені анық байқалып тұр.

"Америка әкімшілігі Мәскеумен маңызды диалог орнатуға мүдделі емес. Әйтпесе Қытаймен кездесу өткізді. Сәтсіз болса да келіссөздер жүргізді. Бұл өзара әрекеттестік орнатуға деген ниеттің бар екенін көрсетіп тұр. Ал Ресей бағытында мұндай жоқ", - дейді Кортунов.

Жалпы Байденнің Путин жайлы пікірі ішкі аудиторияға арналған деп санайды сарапшы. Себебі АҚШ қоғамы Байден Ресей президентінің алдында әлсіздеу, дауға бара қоймайтын "кешірімшіл" деген пікір қалыптасқан. Кортуновтың пікірінше, Байден осы өткір мәлімдемесі арқылы өзінің мінезін көрсеткісі келген секілді.

Нәтижесінде қару-жарақты бақылауға қатысты ең өзекті мәселе біршама уақытқа кейінге қалдырылды. Алдағы бес жылдың ішінде оны тағы талқылау қажет болады. Осы уақыт ішінде Ақ үй диалогтың одан әрі қалай өрбитінін көрсететін мүмкіндігі бар. Қазіргі дау қарым-қатынастың өршуіне әсер етуі екіталай. Бұл тек екіжақты қарым-қатынастың бүгінде қандай деңгейде тұрғанының сипаттамасы болды.

Жаңалықтар
0