Әлем

Путин коронавирусқа қарсы вакцина салғызды

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуПутиннің жыл сайынғы конференциясы, архивтегі сурет
Путиннің жыл сайынғы конференциясы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2021
Жазылу
Ресей президенті өзіне салдырған ресейлік вакцинаның атауын жария еткен жоқ, екпе салу шарасы да көрсетілмеді

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы вакцина салғызды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Путин коронавирусқа қарсы екпе алды. Ол өзін жақсы сезініп отыр. Ертең толық жұмыс күні басталады", - деді президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Бұған дейін Песков президентке салынатын ресейлік вакцинаның атауы ашылмайтынын айтқан. Путинге екпе салу шарасы да көрсетілмейді. Себебі "Ресей басшысы камералардың алдында вакцинация жасауды қаламайды және онсыз да вакцинаны кеңінен насихаттауға көп еңбектеніп келеді".

Бұдан бөлек, президенттің баспасөз хатшысы вакцина салғызу уақытын да түсіндірген. Оның айтуынша, Путин күзге таман жүріп-тұру мен адамдармен  қарым-қатынас жасау жағынан шектеусіз режимге көшуді жоспарлап отыр. Сол себепті дәл осы уақытты таңдап отыр. Күзге қарай Путиннің иммунитеті тиісті деңгейде сақталуы қажет. 

Айта кетейік, Ресейде коронавирусқа қарсы үш вакцина тіркелген. Олар - "Спутник V", "ЭпиВакКорона" мен "КовиВак".

Жаңалықтар
0