14:58 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
128 0 0

"Магнолияның" негізгі міндеті – әуе шабуылынан қорғаныс және радиоэлектронды күрес нысандарын, зымыран қондырғыларды, броньді техниканы фортификациялық құрылыстарды, бекіністерді, десантты құралдарды және қарсыласты жою

Ресей "Магнолия" атты өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыны қару-жарақ саласына қабылдауға дайындалып жатыр. Бұл зеңбіректер экстремалды климаттық жағдайларда тапсырмаларды орындайтын арктикалық бөлімшелерге жөнелтіледі. Су жаңа өздігінен жүретін зеңбірек пен басқа да бірегей жабдықтар туралы РИА Новости материалында.

Қиыр Солтүстік аудандарында орналастырылған бөлімшелерге арналған өздігінен жүретін жаңа аппарат жайлы 2017 жылы белгілі болды. Ол кезде РФ қорғаныс министрлігі 120 миллиметрлі "Магнолия" шынжыртабанды қос буынды броньдалған тасымалдаушының шассиінде жеткізеді деп мәлімдеді.

Тәжірибелік үлгілер алдын ала сынақтардан өтіп, бұл қондырғы борпылдақ топырақта, батпақты және қарлы аумақтарда тиімді әрекет ете алатынын көрсетті. Ал оның қозғалтқышы аса төмен температурада да үздіксіз жұмыс істей алады. 

Бұл жобаны "Буревестник" ОҒЗИ мамандары әзірлеген. ӨАҚ-ден бөлек Солтүстіктегі соғыс әрекеттеріне арналған түрлі шассидегі мобильділігі жоғары артиллериялық-минометті қарулар жинағын шығару жоспарланып отыр. 

"Армия – 2019" форумында "Магнолияның" техникалық сипаттамасы жайлы біршама мағлұмат ұсынылды. Тартқышы – 27 тонналы шынжырлы броньдалған ДТ-10ПМ "Витязь" көлігі. Оның 800 күштік дизелі бар жүк көтергіштігі он тоннадан асады. Жылдамдығы – сағатына 45 километрге дейін. Су кедергілерінен өту кезінде сағатына алты километрді құрайды. Қосымша жанармай құюсыз қозғалу ұзақтығы 700 километрге жуықтайды. Экипажы – төрт адам. Соғыс жүргізу бөлімі артқы секцияда орналасқан. Оқ-дәрі қоры – 80 снаряд. 

"Магнолияның" негізгі міндеті – әуе шабуылынан қорғаныс және радиоэлектронды күрес нысандарын, зымыран қондырғыларды, броньді техниканы фортификациялық құрылыстарды, бекіністерді, десантты құралдарды және қарсыластың адам күшін жою. 

Жалпы перспективалы ӨАҚ Арктикадағы қатаң ауа райына арналған жалғыз жауынгерлік техника емес. Мысалы, әуедегі шабуылдан қорғану бөлімдері үшін "Панцирь" зениттік зымыран кешенінің арктикалық нұсқасын әзірледі. Бұл ЗЗК бірқатар әскери қақтығыс кезінде жоғары тиімділік көрсеткенімен  Қиыр Солтүстік үшін оның конструкциясына айтулы өзгерістер енгізді. "Панцирь-СА" жауынгерлік бөлігі "Витязь" броньдалған тартқыш машинасына орналастырғанмен зениттік автоматты алып тастады. Себебі аса төмен температура кезінде зениттік автоматтан атылатын оқтың тиімділігі төмен болады. Зеңбіректің орнына әрекет ету радиусы 20 километрге дейін болатын қосымша алты зымыранды іске қосу қондырғысы орнатылды. 

Сонымен қатар "Тор-М2ДТ" зениттік зымыран кешені де әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс құралының бірі. Ол өткен жылдың жазында қарулануға қабылданды. Бұл техника минус 50 градус температурада жұміс істеп, қатты ойлы-қырлы жермен жүре алады және су кедергілерінен өте алады. Кешен қос буынды броньдалған жол талғамайтын көлікке орналастырылған. 

Арктика тобының әскери қызметшілері де арнайы дайындалған техникамен жүреді. Мысалы, Ми-8АМТШ-ВА тікұшағы. Мұндай әуе көлігінің ерекшелігі - май жүйесі мен трансмиссия агрегаттары жылытылады, қозғалтқыштар минус 60 градуста да еш қиындықсыз іске қосылады. Қосымша жанармай бактары бар арктикалық Ми-8 ұшу ұзақтығы 1400 километр. Ол әуеде жеті сағаттан астам уақыт бойы бола алады. 

Әскери қызметшілер жер үстінде көпке танымал "Мотолыга" машинасын қолданады. Бірақ оның шынжыры ерекше. Себебі, шынжыр табанның қар үстіне түсетін қысымы шаршы сантиметр үшін 0,28 килограмды құрайды. Бұл жаяу жүргіншінікінен әлдеқайда аз. Сол сияқты қар мен батпақта жүруге арналған машиналар бар. Оларға қысымы аса төмен алып шиналар орналастырылған. Осы техниканың көмегімен әскерилер аумақты шолып, барлау жүргізеді, мұз жағдайына баға беріп, әскери техника сабына ілесіп жүреді. 

Сондай-ақ сарбаздар мен офицерлер кабинасы жылытылатын қарда жүретін көліктер, төмен температураға икемделген  "Урал" және "КАМаз" жүк көліктер, ауа "жастықшаларындағы" катерлер көмегімен қозғалады. Кей бөлімшелерде ит немесе бұғы жегілген арбалар да қолданылады. 

Арктикалық бөлімшелердегі сарбаздардың арнайы әскери киім жинағы да өзгеше. Стандардды жинақ шамамен 20 элементтен тұрады. Әскери киім көпқабатты материалдан тігілген, өте жылы, салмағы жеңіл және әскери қызметшінің қимыл-қозғалысына кедергі келтірмейді.

Загрузка...

Басты тақырып