13:01 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (157)
187 0 0

Кездесу барысында Қазақстан көрші елмен "Спутник V" вакцинасының 4 миллион дозасын қосымша жеткізу туралы уағдаласты

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Ресей Қазақстанға қосымша "Спутник V" вакцинасының 4 миллион дозасын жеткізеді, деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Дүйсенбі күні Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Ол Ресей премьері Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді.

Переговоры Аскара Мамина и Михаила Мишустина в Москве
Асқар Мамин Мәскеуде Ресей премьері Михаил Мишустинмен келіссөз өткізді

Кездесу барысында COVID-19-дың таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

"Спутник V" ресейлік вакцинасының 4 миллион дозасын Қазақстанға қосымша жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", - делінген хабарламада.

"Вирустың таралуын жеңу үшін біздің елдеріміздің күш-жігерін, оның ішінде халықты жаппай вакциналау мәселелерінде үйлестірудің жоғары деңгейі қажет", - деп келтірді Асқар Маминнің сөзін баспасөз қызметі.

Үкімет басшылары, сонымен қатар, сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика және ғарыш салаларындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі арттыру мәселелерін талқылады. ЕАЭО форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек, осы жылдың екінші жартысында Көкшетауда өтетін "Экология және жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық" тақырыбына арналған XVII Аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселесі талқыланды.

Айта кетсек, Қазақстанға 1 ақпан жаппай вакциналау басталардың алдында Ресейден  "Спутник V" вакцинасы бірінші компонентінің 22 мың дозасы жеткізілді. Бүгінде препарат толығымен пайдаланылды.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (157)

Тақырып бойынша

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сәуірдің соңына қарай дайын болады
Вакцина салғызған адам вирус таратушысы бола ма?
"Сотталғандарға өзгелерден бұрын вакцина салынды": министрлік сынға жауап берді
Мүфтият ораза кезінде вакцина салуға қатысты түсініктеме берді
Кілт сөздер:
Ресей, Асқар Мамин, вакцина, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып