13:53 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
90 0 0

Ресей дипломатиялық миссиясы фейсбукте "бұл жағдай соңғы жылдары екіжақты өзара әрекеттестікті тығырыққа тіреуге бет алған Вашингтон саясатының салдары" деп жазды

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова АҚШ президенті Джо Байденнің дау тудырған пікіріне қатысты мәлімдеме жасай отырып, "Ресей-Америка қарым-қатынасында не болып жатқаны туралы Вашингтонның өзі түсіндіруі керек" деді. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Байден біраз бұрын Владимир Путин "сайлауға араласқаны үшін жауап береді" деген болатын. БАҚ Джо Байден АВС телеарнасының журналисіне сұқбат беру кезінде ресейлік президентті "жан алғыш" деп атағанын жарыса жазып жатыр. Бірақ Байден мұны астарлап айтты ма, ол жағы белгісіз. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки Байденнің Путин жайлы пікірі метафора ма, жоқ па, ол жайында түсініктеме беруден бас тартты.

"Біздің америкалық әріптестеріміз тікелей сұраққа жауап беруден бас тартқанын білеміз. Негізінде жауап та жоқ", - деді Захарова "Вести FM" радиостанциясының эфирінде.

Бұған дейін СІМ Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антоновты Мәскеуге консультацияға шақырғаны туралы хабарлады. Бұл Вашингтонмен қарым-қатынасты бағалау үшін қажет болды. Ведомство "Вашингтонмен арадағы қарым-қатынас қайта орнына келместей кері кетуіне жол бергісі келмейтінін" атап өтті.  

Ресей дипломатиялық миссиясы фейсбукте "бұл жағдай соңғы жылдары екіжақты өзара әрекеттестікті тығырыққа тіреуге бет алған Вашингтон саясатының салдары" деп жазды.

Сәрсенбі күні АҚШ-тың сауда министрлігі Ресейге қарсы экспорттық шектеулерді кеңейтті: РФ-ны қару-жарақ экспорты мен импортына толық тыйым салынған мемлекеттер тізіміне енгізді. АҚШ-тың сауда санкциялары ұлттық қауіпсіздікке қатысты экспортқа әсер етеді. Авиация мен ғарышқа байланысты бірқатар жеңілдік 1 қыркүйекке дейін қолданыста болады. Шешім 18 наурыздан бастап күшіне енеді. Мұндай шараларға баруға Алексей Навальныйға қатысты жағдай және "химиялық және биологиялық қаруды қолдану" себеп болды.

Сонымен қатар, бірнеше күн бұрын АҚШ-тың Ұлттық барлау қызметі директорының кеңсесі құпия баяндамасын жария етті. Құжат бойынша Мәскеуді Дональд Трамптың қайта сайлануына көмектесуге, Джо Байденнің беделін түсіруге және америкалық қоғамда арандатушылық тудыруға тырысты деп айыптады. Баяндамада Ресейге қарсы жаңа санкциялар жайы да айтылған.

Кремль баяндаманы "негізсіз және дәлелсіз" деп атады. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков сайлау кезіндегі кандидаттарға қарсы қандай да бір науқандарға Ресейдің ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай "сапасыз" құжаттар жаңа санкциялар енгізу үшін қолданылады.

РФ СІМ жаңа шектеулерге немқұрайлы қарайтынын жеткізді. Себебі мұндай әдістер кемінде 90 рет қолданылған. Ведомство Ресейге санкциялық қысымды күшейту екі ел арасындағы диалогтың түзелуіне кері әсер ететінін және осы үшін Вашингтон жауапты болатынын ескертті.

Загрузка...

Басты тақырып