13:07 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
103 0 0

Ресейге АҚШ-тағы президент сайлауында Байденнің жеңіске жетуіне кедергі жасап, Трамп қайта билікке келуі үшін ықпал етуге тырысты деген айып тағылды

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Ресейдің АҚШ-тағы елшілігі америкалық барлау қызметінің Ресейді АҚШ-тағы президент сайлауына араласты деп айыптауының негізсіз екенін мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости. 

Барлау қызметі қауымдастығының баяндамасында Ресей АҚШ-тағы президент сайлауында Джо Байденнің жеңіске жетуіне кедергі жасап, Дональд Трамп қайта билікке келуі үшін ықпал етуге тырысқаны жазылған. Сонымен қатар Иран, "Хезболла" мен Куба да сайлау нәтижесіне араласқысы келгендер ретінде көрсетілген. Құжатта Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар жайы да айтылған.

Дипломатия миссиясы баяндамадағы "ықпал ету операциясы" бойынша айыптаулар барлау қызметінің еш дәйексіз сөздеріне негізделгенін ескертті.

"Мұндай айыптауға негіз бола алатын қандай да бір факті немесе дәлел келтірмеген", - деп жазылған Ресей елшілігінің фейсбуктегі парақшасында.

Дипломаттар АҚШ тарапынан айтылған кезекті айыптаулар Ресеймен екіжақты қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге және өзекті мәселелердің шешімін табу мақсатында өзара сыйластыққа негізделген сарапшылық диалог жүргізуге мүмкіндік бермей отырғанын айтты.

АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Джен Псаки Ресейге кезекті санкциялар қашан салынатыны туралы нақты мәлімет берген жоқ. CNN ақпараты бойынша кезекті шектеулер келесі аптада енгізілуі мүмкін.

Еске салсақ, 2020 жылдың 3 қарашасында өткен АҚШ-тағы президент сайлауында Джо Байден жеңіске жетті. Ал бұрынғы көшбасшы Дональд Трамп өз қарсыластарын сайлау нәтижесін бұрмалады деп бірнеше рет айыптады. Президенттің адвокаты Руди Джулиани дауыс беру кезіндегі заңбұзушылықтар жүйелі түрде болғанын мәлімдеді.

Жалпы Ресейді АҚШ-тағы саяси науқанға араласты деп айыптау бірінші рет емес. РФ мұндай дәлелсіз айыптаулардың барлығын жоққа шығарып келеді.

Загрузка...

Басты тақырып