Әлем

Екі қызды 4 жыл бойы қамауда ұстаған маньяк бостандыққа шыққалы жатыр

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка закрывает лицо руками, архивное фото
Девушка закрывает лицо руками, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жазылу
Екі қызды ұрлап, 4 жыл бойы қамауда ұстағаны үшін 17 жылға жуық қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеген маньяк Мохов бостандыққа шығып жатыр

АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. Рязань облысының тұрғыны, "скопинский маньяк" деген атпен белгілі 70 жастағы Виктор Мохов сәрсенбіде бостандыққа шығады. Маньяк екі қызды ұрлау және зорлау ісі бойынша 17 жыл қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеді. Ақпарат Саратов облысы Пугачев аудандық сотының сайтында жарияланды, деп хабарлады РИА Новости.

Мохов екі қызды ұрлап, зорлаған. Төрт жыл бойы жертөледе ұстаған. 3 наурызда жазасын өтегеннен кейін босатылды, делінген құқық қорғау органдары таратқан ақпаратта.

"Сотталған Мохов "түзеу колониясы-4" федералдық қазыналық мекемесінде жазасын өтеп жатыр, жазаны өтеу мерзімі 2021 жылдың 3 наурызында аяқталады. Түзету мекемесінен босатылғаннан кейін Мохов өз өтініші бойынша Рязань облысының Скопин қаласында тұрады", - делінген сот шешімінде.

"Жазасын өтеу уақытында Мохов еңбекке қанағаттарлық деңгейде қарады, жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін бір жаза алды. Тәрбиелік сипаттағы іс-шараларда белсенді емес, қажет жағдайда қоғамдық өмірге қатысады, мамандық бойынша оқыды, туыстарымен араласпайды, кінәсін ішінара мойындады, түзелу жолына түскен жоқ", - делінген шешімде.

Маньяктан 100 шақырым жерде тұрады

Ал маньяктың құрбаны болған Екатерина Мартынова жақында босатылатыны туралы жаңалыққа қатысты ойын айтты.

"Қорыққаным емес, бірақ мені үш жарым жыл қалыпты өмірімнен айырған азаптаушының жақында бостандыққа шығып, қалыпты өмір сүретіні біртүрлі болып көрінеді", - деді ол.

Маньяктың құрбаны Моховтан жүз шақырым жерде тұратынын, сондықтан одан қорқатын ештеңе жоқ екенін айтты. Сонымен қатар Моховтың көршілері оған Скопинде тұруға мүмкіндік бермейтінін айтқан.

Айта кетейік, 2000 жылы Скопин қаласында слесарь Мохов 14 және 17 жастағы екі қызды ұрлап, төрт жылға жуық жертөледе ұстады. Тұтқында болған кезде оның бірі еркінен тыс одан екі рет босанды, қылмыскер балаларды алып кетіп отырған. Ол кезде жасөспірім Екатерина екінші бойжеткенді босандырып алған.

Мохов қыздарды аштықта ұстап, жарықсыз қалдырған. Резеңке шлангамен ұрып, бөлмеге көзден жас ағызатын газ шашқан. Құрбандар толық қараңғыда отырған, арасында ғана таза ауаға шыққан.
Қыздар хат жазып, оны ғажайып жолмен сыртқа беріп жіберген. 2004 жылдың 4 мамырында олар бостандыққа шықты.

Скопин аудандық соты 2005 жылы 30 тамызда Моховты 17 жылға бас бостандығынан айырды, ол қатаң режимдегі колония жазасын өтеді.

Пугачев аудандық сотының 2012 жылдың 24 шілдедегі өзгерістерін ескере отырып, бұл мерзім 16 жыл 10 айға дейін қысқартылды.

Қыздарды ұрлауға көмектескен маньяктың серіктесі Елена Бадукина бес жарым жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеді.

Жаңалықтар
0