Әлем

Құс тұмауының штаммы алғаш рет адамнан анықталды

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуҚұс фабрикасы
Құс фабрикасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2021
Жазылу
Ғалымдар бұл аурудың генетикалық материалын Ресейдің оңтүстігіндегі құс фабрикасының жеті қызметкерінен алған

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Құс тұмауы А вирусының H5N8 штаммын адамның жұқтыруы алғаш рет зертханалық жағдайда расталды. Мұны ресейлік "Вектор" орталығының ғалымдары анықтады, деп жазады РИА Новости.

Роспотребнадзордың басшысы Анна Попова 2020 жылдың желтоқсан айында Ресейдің оңтүстігіндегі құс фабрикасында вирус індеті тіркелгенін еске түсірді.

"Ғалымдар фабриканың жеті қызметкерінен осы аурудың генетикалық материалын бөліп алды. Бүкіл адамдар, мен айтып отырған жеті адам да өздерін жақсы сезінеді. Олардың клиникалық ағымы өте жеңіл өтті", – деді Попова Россия 24 телеарнасында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, адамдар мен жануарларды қорғаудың барлық шараларын өте қысқа мерзімде жүзеге асырды. Соның нәтижесінде бұл инфекцияның таралуын тоқтату мүмкін болды.

Оқи отырыңыз: Айдалаға тасталған жұмыртқалардан балапандар жарып шықты

Жаңалықтар
0