Әлем

Ресейдің жоғары оқу орындарына түсу 5 есе жеңілдетілді

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуБиблиотека
Библиотека - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
20 қаңтар күні Ресейдегі жоғары оқу орындарына түсуге құжаттар қабылдау науқаны басталды. Науқан 20 ақпанда аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан — Sputnik. Ресеймен ынтымақтастық федералдық агенттігінде шетелдік түлектерге арналған қабылдау науқанының аралық қорытындылары туралы айтып берді. Бірінші рет шетелдіктер барлық іріктеуден онлайн өте алады.

Ресейлік университеттер шетелдік абитуриенттер арасында РФ үкіметінің квотасы бойынша тегін оқуға конкурстық іріктеуді жыл сайын өткізеді. Алайда, бұл жолы қабылдау науқаны түбегейлі өзгерді. Ресейде білім алғысы келетін шетелдіктер арнайы білім беру суперсервисіне тіркелгеннен кейін тұңғыш рет барлық іріктеу рәсімінен онлайн өте алады. 20 қаңтарда басталған құжаттарды қабылдау науқаны 20 ақпанда аяқталады. Ресеймен ынтымақтастық агенттігіндегілер әлемнің түрлі елдерінен түлектердің оқуға түсуге өтініш білдіруі көп болғанын атап өтті. 

Суперсервис деген не

Суперсервис – шетелдік абитуриенттер Ресейдің кез-келген жоғарғы оқу орнына түсу үшін өтінім жолдай алатын онлайн-платформа. Sputnik порталына берген сұқбатында ТМД елдері, шет мемлекеттерде тұратын отандастар ісі және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық (Ресеймен ынтымақтастық) жөніндегі федералдық агенттік басшысының орынбасары Павел Шевцов атап өткендей, бұл механизм бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейді.

"Бұл шетелдік азаматтарды қабылдаудың біріздендірілген жүйесі іспеттес. Осы жылы бұл жүйе тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Жыл соңына дейін толық іске қосылады", - деді Шевцов.

Қазір супервервистің арқасында үйден шықпай-ақ барлық қажетті құжатты тапсыруға болады. Бар болғаны – сайтқа тіркелу керек. Алайда, жақын уақытта сервис Ресейдің барлық қалалары мен ондағы инфрақұрылымдар туралы толық ақпарат ұсынатын болады. Сондай-ақ, шетел азаматтарына арналған мамандық бойынша жұмыс орындары туралы хабарландырулар жарияланып тұрады. Қосымша табыс тапқысы келетін студенттер бейінді жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Қазір суперсервис орыс және ағылшын тілінде жұмыс істеп тұр. Бірақ, шетелдік әлеуетті абитуриенттер Ресейдегі оқу орындары мен ондағы тыныс-тіршілік жайлы толық ақпаратты туған тілдерінде алуы үшін қосымша тілдерді енгізу жоспарда бар.

Шығынды азайтып, проблеманы шешеміз

Шетелдік студенттердің алдынан кесе көлденеңдеп шығатын проблеманың бірі – көші-қон саясаты. Себебі, әр елдің өз заңы бар: біреуге виза қажет болса, біреуге көші-қон мекемесінің есебіне тұру жеткілікті. Бірақ, осының барлығын белгілі бір уақыт ішінде ғана орындау керек. Суперсервисте осы мәселелер бойынша консультация алуға болады.

Ресеймен ынтымақтастық агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, онлайн-платформаны іске қосу арқылы дарынды жастардың алдында тұрған бірқатар кедергілерді жою мүмкін болды. Бұған дейін ресейлік ЖОО-ға түсу үшін конкурстық аралық кезеңдеріне қатысуға кемінде бес рет келу керек болды. Алайда, болашақ студенттердің барлығы Ресеймен ынтымақтастық филиалдары бар қалаларда тұра бермейді. Сондықтан, бұл жол жүру үшін қосымша шығынды қажет етеді. Енді қосымшаны телефонға жүктеп-ақ, құжат тапсырып, тестілеуден өту және бейнебайланысқа шығу мүмкін болып отыр.

© SputnikРесейлік ЖОО-ларда оқуға берілген өтініштер
Ресейдің жоғары оқу орындарына түсу 5 есе жеңілдетілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Ресейлік ЖОО-ларда оқуға берілген өтініштер

Әйтсе де, егер, үйде тес тапсыру мүмкіндігі болмаса немесе интернетке қосыла алмаса, барлық әлеуетті студенттер үшін онлайн-формат ыңғайлы бола бермейді.

"Алаң болмаңыздар, біз іріктеудің дәстүрлі форматта өтуін әлі де ашық күйде қалдырамыз, - дейді Шевцов. – Іректеуден өтудің қолайлы болуы маңызды".

Пандемия пайдасы

Екі аптаның ішінде суперсервиске 20 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Оның 40%-ке жуығы таяу шет мемлекеттерден жолданған.

"ТМД елдерінде ресейлік білімге деген сұраныс әркез тұрақты жоғары деңгейде болып келді. Алайда, пандемия жағдайында бұл сұраныстың арта түскенін көріп отырмыз, - дейді Шевцов. Студенттер Ресейдің пандемиямен тиімді күресіп жатқанын, оқу процесін дұрыс ұйымдастыра алып жатқанын көріп отыр. Сондықтан, Ресейде білім алуға деген қызығушылық арта түсті. Юірақ, нақты санды айтуға әлі ерте. Себебі, іріктеу әлі де жүріп жатыр".

Шетелдік студенттер медицинаға байланысты бағыттарды жиі таңдайды. Ресеймен ынтымақтастық Sputnik агенттігіне ұсынған статистика бойынша, суперсервистегі жоғары сұранысқа ие бес бағытқа емдеу ісі мен стоматология кірді.

Айта кету керек, онлайн-іріктеуге қатысушылардың басым бөлігі ресейлік ЖОО-да қазір білім алып жатқан және оқуды одан әрі жалғастырғысы келетін студенттер. Өтінімдердің жалпы санының 13%-ін магистрлік бағдарламалар құрайды. Осы санат бойынша іріктеуге қатысушылардың бірі – Грузиядан келген Даниил Никуленко. Қазір Даниил Ресейдің халықтар достастығы университетінде бакалавриат бағдарламасын тәмамдап жатыр. Ол дәл осы мамандық бойынша магистратураға тапсырғысы келеді.

"Мен Ресейде білім алуды жалғыстырамын деп шештім. Себебі, мұндағы оқыту жүйесі ұнайды, достарым да көп, - дейді ол. – Сондықтан суперсервиске тіркеліп, ақпан айының басында өтінім жолдадым. Бұл өте ыңғайлы: сайтты жылдам таптым, өтінім беру жеңіл, ақпарат қажет болса, барлық байланыс құралдары жазылған. Іріктеуден өтіп, халықаралық қатынастар факультетіндегі білімімді одан әрі жалғастырамын деп үміттенемін".

Жаңалықтар
0