Әлем

Sputnik ақпарат агенттігі Telegram-да ағылшын тілінде хабар таратады

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуНовостное агентство Sputnik
Новостное агентство Sputnik - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik тілшілері 24/7 тікелей эфирде хабар тарататын болады. Беделді сарапшылар, белгілі адамдармен эксклюзивті сұқбаттар жарияланады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар - Sputnik. Sputnik ақпарат агенттігі Telegram-да ағылшын тілінде хабар тарататын болады. Саясат, бизнес, экономика, қорғаныс, қауіпсіздік, ғарыш, денсаулық сақтау мәселелері қамтылады.

Арнада сурет, мәтін, графикалық бейне, видео, аудио және статистика жарияланады. Sputnik тілшілері 24/7 тікелей эфирде хабар тарататын болады. Беделді сарапшылар, белгілі адамдармен эксклюзивті сұқбаттар шығады.

Telegram-дағы Sputnik-ті @sputniknewsint аккаунтынан таба аласыз.

Sputnik туралы

Sputnik – ауқымды халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі. Ол 30 тілден астам  мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 130-ға жуық қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарларды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдерінде ақпарат жеткізеді.

Sputnik ақпарат ресурсының аудиториясы – айына 80 миллион, ал оның әлеуметтік желідегі тіркелушілерінің саны 20 миллионнан асады. Бішкектен Кишиневке және Пекиннен Монтевидеоға дейінгі әлемнің мыңдаған адам жұмыс істейді. Sputnik "Россия сегодня" медиатобына кіреді. Бас кеңсесі Мәскеу қаласында орналасқан.

Жаңалықтар
0