Әлем

Белгілі ресейлік әзілкеш қайтыс болды

CC0 / pixabay.com / Театр, зрительный зал, иллюстративное фото
Театр, зрительный зал, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол Stand Up Show қатысушысы ретінде танымал. Сондай-ақ, бірқатар белгілі фильмдерге түскен, театрда ойнаған

АЛМАТЫ, 25 қаңтар – Sputnik. Стендап-әзілкеш, актер Александр Шаляпин Мәскеуде 42 жасында қайтыс болды. Бұл туралы актердің директоры хабарлады.

"Әйелі өлімін растады", - деді актердің директоры.

Өлімнің себебі хабарланбады. РИА Новости хабарлауынша, актердің денесі Хорошевский тасжолындағы үйден табылды. Өзіне қол салды деген алдын ала болжам жасалып отыр. Оқиға орнында полиция жұмыс істеуде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Александр Шаляпин (@shalyap_in)

Айта кетейік, Александр Шаляпин Stand Up Show қатысушысы ретінде танымал, сонымен қатар "Бумер-2", "Глухарь-2", "Женщины против мужчин" фильмдерінде ойнады. "Бессонница", "Временно недоступен", "Крапленый", "Карпов" секілді сериалдарға түскен.

Жаңалықтар
0