04:07 27 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
71 0 0

Келісімнің орындалуы бүкіл аймаққа тиімді болады, деп атап өтті Ресей президенті келіссөздер барысында

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Кремльдегі келіссөздерден кейін Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қарабақты дамыту туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Путин келісімді жүзеге асыру жоспарын жақын арада үш елдің премьер-министрінің орынбасарлары таныстыратынын айтты. Олар экономикалық, сауда және көлік байланыстарын қалпына келтіру, сондай-ақ Таулы Қарабақта шекараны ашумен айналысатын жұмыс тобын басқарады. Сонымен қатар, сараптау шағын топтары құрылады, деп жазды РИА Новости.

"Бұл келісімнің жүзеге асырылуы армян халқына да, әзербайжан халқына да және бүкіл аймаққа, демек, Ресей Федерациясының мүдделеріне де пайда әкелетініне сенімдімін", - деді Владимир Путин.

Армения премьер-министрі Мәскеудегі кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтар Таулы Қарабақтағы қауіпсіздікке үлкен кепілдік болады және аймақтың экономикалық кейпін өзгертуге көмектеседі деп атап өтті.   

"Атыс тоқтатылғаннан кейін екі ай өтті, бүгін 9-10 қарашадағы мәлімдемеге қол қойған үш ел басшыларының Мәскеуде жиналғаны біздің нәтижеге жетуге бел буғанымызды дәлелдейді", - деп мәлімдеді Ильхам Әлиев.

Еске сала кетейік, қыркүйек айының соңында Армения мен Әзербайжан 1980 жылдардың соңынан бері жалғасып келе жатқан қақтығысты ушықтырды деп бір-бірін айыптады. Мемлекеттер арасында соғыс басталды. Бір жарым айдың ішінде тараптар атысты тоқтатуға үш рет әрекет жасады, бәрі сәтсіз аяқталды.

10 қарашаға қараған түні Ресей, Әзербайжан және Армения құжатқа қол қойып, оның нәтижесі бойынша Әзербайжан мен Армения әскери қимылдарды тоқтатып, өздері иеленген шепте тоқтап, тұтқындарды алмасты. Ал Мәскеу Қарабаққа бітімгершілік күштерін жіберді. Ереван Кельбаджар, Лачын және Агдам аудандарын Бакуге қайтаруға уәде берді.

Тақырып бойынша

Әзербайжан Таулы Қарабақта қаза тапқан әскерилердің санын жариялады
Қазақстанның Армениядағы елшілігі үндеу жасады
Қарабақта бейбітшілік орнату туралы мәлімдемеге қол қойылды
Қазақстан Таулы Қарабақ қақтығысы жөнінде ресми мәлімдеме жасады  
Тоқаев пен Путин Таулы Қарабақта қалыптасқан жағдайды талқылады
Загрузка...

Басты тақырып