12:45 16 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
62 0 0

Путиннің жаңа жылдық құттықтауын алғаш болып Анадыр мен Петропавловск-Камчатский тұрғындары тамашалады

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин отандастарын Жаңа жылмен құттықтай отырып, бұл жыл бірнеше жылдың ауыртпалығын қамтығанын, қиын болғанын, бірақ ел оны абыроймен өткергенін атап өтті, деп хабарлайды РИА Новости.

Путиннің жаңа жылдық үндеуін алғаш болып Анадыр мен Петропавловск-Камчатский тұрғындары көрді, ол жақта жаңа жыл Мәскеу уақытымен 15.00-де басталады.

Ал сағат 16.00-де мереке Магадан тұрғындарына жетті. Бір сағаттан кейін – Амурдағы Комсомольск, Хабаровск, Владивосток.

"Дәл осыдан бір жыл бұрын бүкіл әлемдегі адамдар сияқты біз сіздермен бірге жақсы өзгерістер туралы армандадық. Сол кезде ешқайсымыз қандай сынақтардан өтуіміз керек екенін елестете алмадық. Енді міне, өтіп бара жатқан жыл бірнеше жылдың ауыртпалығын қамтыған сияқты. Әрқайсымыз үшін үлкен материалдық қиындықтар мен алаңдаушылықтың болуы, енді біреулер үшін жақындарынан айырылу мен сүйікті адамының қайғысы оңайға түскен  жоқ", – деді Путин дәстүрлі үндеуінде.

Дегенмен, 2020 жыл қиыншылықтарды жеңуге деген үмітпен, адами қасиетін көрсетіп, кәсіби міндетін адал атқарғандарға деген мақтанышпен, адамдар арасындағы сенімді әрі шынайы қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін білумен байланысты болды.

Путин бұл жылды абыроймен өткере алдық деп санайтынын білдірді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай, ол өз сөзінде ардагерлерді де назардан тыс қалдырмады.

"Біз құрметті ардагерлерімізге, нацизмді жеңген ержүрек аға буынға қараймыз. Сондықтан да біз ештеңеге қарамастан қасиетті перзенттік парызымызды орындадық. Яғни, Ұлы Жеңістің 75 жылдығын зор құрметпен және ризашылықпен атап өттік", – деді ол.

Оқи отырыңыз: "Еліміз өзіңмен мақтанады!": Тоқаев Головкинді құттықтады

Тақырып бойынша

Желтоқсан көтерілісіне қатысқандар халықты Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Назарбаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
"Іргесі мығым елміз": Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Трамп қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Назарбаев Головкинді әлем чемпионы атағын қорғап қалуымен құттықтады
Кілт сөздер:
Владимир Путин, жаңа жыл
Загрузка...

Басты тақырып