Әлем

Ит он жасар баланы қасқырдан құтқарды – видео

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуВолк
Волк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан соң ит ветеринарлық клиникаға жеткізілді. Алайда алған жарақатына байланысты құтқару мүмкін болмады

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан — Sputnik. Ресейлік Комиде терьер он жасар баланы қасқырдан құтқарды.

Mash Telegram арнасы бір отбасының үш баласы аулада ойнап жүргенін жазған. Балалардың бірі қақпаның ар жағына шығып кетіп, қарға тығылған. Ол қасқыр жақындап келе жатқанын көрмеді. Алайда джек-рассел тұқымды Джесси көшеге шығып, қасқырды қуа жөнелді.

Бала үйіне жүгіріп барып, әкесіне айтқан. Отағасы достарымен бірге қасқырдың ізіне түсті. Қасқыр адамдарды сезіп, итті тастап кетті. Ол қан-жоса болып орманда жатты.

Төрт сағаттан соң ит ветеринарлық клиникада өлді. Ер адамның айтуынша, бұған дейін қасқырлар үйге жақындамаған.

Жаңалықтар
0