Әлем

2021 жыл Ресейде ғылым және технологиялар жылы деп жарияланды

© Photo : СС0 / Konstantin KolosovМикроскоп
Микроскоп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Владимир Путин келесі жылы Ресейде ғылым және техника жылын өткізу туралы жарлыққа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Ресейде 2021 жылы ғылым және технологиялар жылын өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады РИА Новости.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда 2021 жылы амнистия жарияланады
"Ресей Федерациясында ғылым мен технологияларды одан әрі дамыту мақсатында 2021 жылы РФ-да Ғылым және технологиялар жылын өткізуге қаулы етемін", - делінген құжатта.

Ресей Федерациясы президентінің әкімшілігіне 25 желтоқсанға дейін Ғылым және технологиялар жылын өткізуге арналған ұйымдастыру комитетін құрып, оның құрамын бекіту тапсырылды.

РФ премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Чернышенко мен РФ президентінің көмекшісі Андрей Фурсенко Ресей Федерациясындағы Ғылым және технологиялар жылын ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы болып тағайындалды.

Жаңалықтар
0