12:10 16 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
182 0 0

7 жасқа дейінгі балалардың әрқайсына 5 000 рубльден таратылады, деп атап өтті Ресей президенті Владимир Путин

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин 7 жасқа дейінгі балаларға Жаңа жылдық сыйлық ақшалай таратылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жақында еріктілер маған Жаңа жылдың қарсаңында балаларды қолдауға арналған сан алуан идея бар екенін айтқан. Биыл өкінішке қарай эпидемиологиялық шектеулерге байланысты Жаңа жылдық шыршаға арналған бұқаралық шараларға тыйым салынды. Ал балалар осы мейрамды қатты күтеді", - деді Путин жыл сайынғы баспасөз мәслихатында.

Ресей басшысы үкімет пен президент әкімшілігімен кеңесіп, нақты бір шешімге келгенін айтты.  

"Біз мемлекет тарапынан балаларға сыйлық жасаймыз деп келістік. Аз да болса, ақшалай сыйлық жасалады. 7 жасқа дейінгі балаларды асырап отырған барлық отбасыға 5 000 рубльден таратылады. Ақшалай сыйлық әрбір балаға беріледі", - деп түйіндеді Путин.

Тақырып бойынша

Өзім үшін әлі шешім қабылдамадым – Путин 2024 жылғы сайлауға қатысу туралы  
Жаңа жылда мейрамханалар жұмыс істей ме?
Пандемия кезінде Аяз Ата әлем балаларын қалай қуантып жатыр – фото
Алматыда Жаңа жыл қарсаңында көшелер безендірілмейді: қаржы қайда жұмсалады
Нұр-Сұлтан әкімі Жаңа жылды тойлауға қатысты кеңес берді   
Кілт сөздер:
сыйлық, жаңа жыл
Загрузка...

Басты тақырып