Әлем

Ресейлік әскерилер Степанакертте госпиталь ашты

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуРесейлік әскерилер Степанакертте госпиталь ашты
Ресейлік әскерилер Степанакертте госпиталь ашты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей, Әзербайжан мен Армения көшбасшылары қол қойған келісімге сәйкес ресейлік бітімгерлер Таулы Қарабақта жұмыс істеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта дала госпиталін орналастырды. Бұл жөнінде Риа Новости хабарлады.

"Пневмокаркасты модульдерді орналастыру аяқталды. Біз бірінші кезекте бітімгерлер контингентін медициналық қамсыздандыруға бейімделіп отырмыз. Әрине, бейбіт тұрғындарға да көмек көрсетуге дайынбыз. 40-қа дейін адам орналастыра аламыз", - деді медициналық жасақтың басшысы Ярослав Иванов.

Оның айтуынша, госпитальде жансақтау, функционалды диагностика, зертханалық диагностика, ота жасау бөлімшелері және стоматологиялық кабинет пен офтальмолог кабинеті бар. Сондай-ақ, жасанды тыныс алдыру, ульрадыбыстық зерттеу аппараттары мен рентген бар.

10 қараша күні Ресей, Әзербайжан мен Армения көшбасшылары қол қойған келісімге сәйкес ресейлік бітімгерлер Таулы Қарабақта жұмыс істеп жатыр. Құжат 27 қыркүйекте басталған соғыстың толық тоқтатылуын, тұтқындар және қаза тапқандардың мәйітімен алмасуды қарастырады. Сондай-ақ, Армения Әзербайжанға Кельбаджар, Лачин және Агдам аудандарын қайтаруы керек.

Бакуде бұл келісімді Ереванның капитуляциясы деп атады. Президент Ильхам Әлиев құжат Әзербайжан үшін мейлінше тиімді екенін атап көрсетті: оның айтуына қарағанда, қазір соғыс кезеңі аяқталды және ендігі кезекте саяси мәселелерге көшуге болады.

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян бейбітшілік туралы келісім оған ауыр тигенін, бірақ, бұл Қарабақтағы орны толмас шығындардың алдын алуға мүмкіндік бергенін айтты. Осыдан кейін Ереванда премьердің қызметтен кетуін талап еткен наразылық акциялары басталды.

Жаңалықтар
0