Әлем

Рубль бағамы не болмақ – сарапшылар болжам жасады

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуНовые российские рубли
Новые российские рубли - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қараша айында рубльдің долларға шаққанда бес пайызға нығаюы күтпеген тосынсый болды

Ресейлік валюта осы жылдың ең үлкен түңіліс әкелген құбылысы атағына лайықты болғанымен, Швейцария банкінің сарапшылары оның әлсіреткен факторлар уақытша деп санайды, деп жазады РИА Новости.

АҚШ-тағы сайлау қарсаңында рубль құлдырады. Алайда, одан кейін орыс валютасының бағамы қайта бекіді. Доллардың жай-күйі мұнша мәз бола қойған жоқ. Ірі банктер Байденнің мемлекет тізгініне келуі америкалық валютаға ешқандай жақсылық алып келмейтінін ескертіп үлгерді.

Президент РФ Владимир Путин и президент Белоруссии Александр Лукашенко (слева) во время встречи, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Ресей Беларуське 1,5 миллиард доллар көлемінде мемлекеттік кредит береді – Путин
Рубль үшін қараша айы өзгеше өтті. 2010 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта ресейлік ақша бірлігі америкалық валютаға қатысты орташа есеппен үш процентке арзандады. Ал, осы жылы беске жуықтады.

Pfizer мен Moderna вакциналарының жоғары тиімділігі туралы ақпарат та ықпал етті. Бұл инвесторлардың үміті қайта жанып, оптимистік көзқарастың арқасында мұнай бағасының өсуіне әсер етті. Brent баррелі 48 доллардан асып, наурыз айынан бері жоғарғы көрсеткішке жетті. Сәйкесінше, инвесторлардың тәуекелге толы активтерге сұранысы артты. Бұл, негізінен, сарапшылардың пікірінше, жылдамырақ ес жинап, қалпына келетін дамушы елдердің құнды қағаздары мен валюталары. QBF аналитигі Ксения Лапшина олардың қатарында рубль де бар деп түсіндірді. Ресей валютасына қатысты доллар бағамы қазіргі уақытта екі айдағы ең төмен деңгейде.

"Бір баррелі үшін 45-50 доллар шегіндегі мұнай бағасы кезінде бағам бөшкесі үшін 3,5 мың рубль есебі арқылы бекітіледі. Яғни, 70-77. Осылайша, тең дәрежедегі мәнге жақындап келеді", - дейді "Фридом Финанс" ресейлік қор нарығындағы сауда операциялары басқармасының басшысы Георгий Ващенко.

Коронавирустың Ресей мен әлемге ықпалын зерттеген Credit Suisse швейцариялық банкінің аналитиктері Шығыс Еуропадағы ең әлсіз валютаға айналған ресейлік рубль жылдың ең үлкен жағымсыз әрі түңіліске толы құбылысына айналды деп санайды.

Банк аналитиктерінің пікірінше, мұның басты себептері – елден капиталдың кетуі, жинақтар құрылымының өзгеруі, соның ішінщде, банк депозиттерінен қаражаттың жиі шешілуі. Навальныйға қатысты оқиға, Беларусьтегі сайлау, Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс та әсер етпей қоймады.

Деньги, тенге, доллары - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк теңгенің неліктен нығайып жатқанын түсіндірді
Бірақ, Credit Suisse-те атап өткендей, негативті факторлардың басым бөлігі уақытша. Экономикалық өсім, ағымдағы операциялар есебі және нақты пайыздық мөлшерлемелер секілді негізгі көрсеткіштер бойынша ресейлік валютаға лайықты баға берілмей отыр. Яғни, рубльдің әлеуеті әлі де жоғары. Егер, қандай да бір геосаяси кезекті оқиға орын алмаса, бір доллар үшін 70-72 деңгейінде одан әрі нығаю болжанып отыр.

Custodian инвестициялық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Плотников жыл соңына дейін 73-74 бағамын айқын ақиқат деп санайды. Бұл салық есептілігі маусымына да байланысты болып отыр.

"Рубль мұнай нарығындағы сұраныстың қалпына келуіне байланысты тауар валютасы ретінде нығая түседі. Баға ұсыныстарының өсуі вакцина әзірлеу саласындағы жетістіктер туралы жаңалықтарға қатысты барған сайын айқын болып көрінеді. Біз жыл соңында рубль бағамының үш-бес пайызға көтерілу ықтималдығы жоғары деп санаймыз", - деп атап өтті GB CLUB инвестициялық клубының тең құрылтайшысы Хачатур Гукасян.

Ал, Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) болжамы салыстырмалы түрде ұстамды. ЕАДБ Мемлекеттерге талдау жүргізу орталығының жетекшісі Алексей Кузнецов рубль лайықты бағаланбай отырғанымен оны нығайту кеңістігі биыл шектеулі екенін мәлімдеді.

Жаһандық экономиканы қалпына келтірудің мүмкіндіктері әлі де белгісіз. Әрі десе, тәуекелдер мен қауіп-қатерлер жағдайдың ушығуына қарай ұйысып отыр. Оның үстіне, антиресейлік санкцияларды қатаңдатумен байланысты геосаяси фактор да сақталып тұр. ЕАДБ пікірінше, жыл соңына дейін долларға қатысты рубль бағамы 75-77 диапазонында болады.

Деньги тенге монеты  - Sputnik Қазақстан
Экономика
Теңгенің айырбас бағамы біршама өсті: қазақстандық валютаға не әсер етеді?
Көптеген аналитиктер 2021 жылдың бірінші тоқсанында мұнай бір баррелі үшін 55-60 долларға дейін көтеріледі деп күтіп отыр. Ол уақытта халықты жаппай вакциналау басталатын болады. Бұл жағдайда рубльдің долларға шаққандағы бағамы 71-73 дегейінде болатынын көре аламыз.

Mitsubishi UFJ Financial Group (MUFG) болжамы бойынша, мұнайдың келешектегі арзандауы мен доллардың әлсіреуіне ең алдымен мұнай валюталары қоладу көрсетеді және мұндай валютаның бірі – ресейлік рубль.

Ал, долларға қатысты, вакциналарды сынақтан өткізудің аяқталуы және оларды қолдану оған кері ықпал етуі мүмкін. Citigroup америкалық банкінің стратегтері осындай пікірді ұсытанып отыр. Тиімді екпелер әлемдік саудаға қан жүгіртеді. Сонда 2000-шы жылдардағыдай жағдай туындайды: ол кезде Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып, бұл фактор жаһандануды жеделдетті және доллардың арзандауына ықпал етті. Бұл құбылыс бірнеше жылға созылды.

Қазір доллардың алты негізгі валютаға қатынасын айқындайтын DXY индексі қыркүйек айынан бері төмен көрсеткішті көрсетіп отыр. Оған Байденнің билікке келуі мен экономикалық саясаттың ауысуын күту әсер етіп отыр. Goldman Sachs инвестициялық ірі банктің есептеулеріне сәйкес, демократиялық "көгілдір толқын" оны екі жылдық минимумға қайта алып келеді. Ал, Citigroup бағалауы бойынша, вакциналардың пайда болуына байланысты ол 20 процентке дейін құлдырауы мүмкін. Әлемдік валюта үшін аса қуантарлық келешек емес.

Жаңалықтар
0