Әлем

Омбыда Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығы аталып өтті

© Sputnik / Александр Лыскин / Медиабанкке өтуСкульптура "Чокан Валиханов и Ф.М.Достоевский"
Скульптура Чокан Валиханов и Ф.М.Достоевский - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Консулдықтың басшысы Ырысқали Дәуренбек Омбы облысының үкіметіне ұлы ғалымның атын есте сақтағаны үшін ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Қазақстанның Омбы қаласындағы Консулдығы ұлы қазақ зерттеушісі, ағартушысы және саяхатшысы Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына арналған еске алу акциясын ұйымдастырды.

"Ұлы ғалымның есімі берілген көшедегі дипломатиялық өкілдік ғимаратының жанында орналасқан Шоқан Уәлихановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті", - деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Оған қатысқандар Шоқан Уәлихановтың Қазақстан мен Ресейдің ғылымы мен мәдениетінің дамуына баға жетпес үлес қосқанын, ал оның есімі екі ел арасындағы достықтың символына айналып, әлемдік ғылымның көрнекті тұлғалары арасында лайықты орын алатындығын атап өтті.

Ал консулдықтың басшысы Ырысқали Дәуренбек Омбы облысының үкіметіне ұлы ғалымның атын есте сақтағаны және осы іс-шараны өткізуге көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың әкесіне мемориал тақта орнатылды 

Іс-шараға сондай-ақ Омбы облысы үкіметі төрағасының орынбасары, өңірлік саясат және бұқаралық коммуникациялар министрі Михаил Каракоз, Ресей сыртқы істер министрлігінің Омбы қаласындағы өкілдігінің басшысы Евгений Косинцев және Омбы кадет әскери корпусының бастығы, полковник Вячеслав Саликов қатысты.

Жаңалықтар
0