Әлем

Ресейде "Гуманитарлық карта" жобасы таныстырылды

© Photo : МИД КазахстанаСамолет МЧС России доставил гуманитарную помощь
Самолет МЧС России доставил гуманитарную помощь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейде елдің пандемия кезінде басқа мемлекеттерге қандай көмек көрсеткені туралы ақпарат беретін портал таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Россотрудничество басшысы Евгений Примаков Ресейдің гуманитарлық көмегі және халықаралық дамуға көмектесетін жобалар туралы деректерді жинаған алғашқы онлайн платформа – "Гуманитарлық карта" порталын таныстырды.

Ресейдің гуманитарлық көмегі туралы толық ақпаратты russianassistance.ru сайтынан алуға болады.

"Ресейдің жаһандық гуманитарлық саясатқа салған қаржысы қайырымдылық емес. Бұл инвестиция, ол Ресейдің пайдасына жұмыс істейді, ресейлік компаниялар шетелде жақсы қызмет атқарды, шекаралар қауіпсіз болды", - деді Евгений Примаков таныстырылым кезінде.   

Картада көрсетілгендер – ресейлік еріктілер көмектесіп үлгерген елдер. Елдердің кез келгенін таңдай отырып, оған 2020 жылдың басынан бері қанша көмек көрсетілгенін көре аласыз.

Россотрудничество басшысы бұл идеяны сыртқы және ішкі аудитория үшін пайдалы деп санайды, олар өздері қызығушылық тудыратын салалар бойынша жан-жақты ақпаратқа қол жеткізеді.

Оқи отырыңыз: Атырауға гуманитарлық көмек келді 

"Гуманитарлық картаның" негізін қалаушылардың бірі Михаил Петросянның айтуынша, жоба 2020 жылдың сәуірінде пайда болып, "сараптау-гуманитарлық стартап" деп аталған.

Петросян атап өткендей, жоба авторлары бұл жұмыс қалай үйлестірілетіні туралы ақпаратты жинап, талдаудан бастаған.

Сайттың ағылшынша нұсқасы да қолжетімді.

Қазақстанға көмек

Осы жылдың ақпан айында – Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы адам анықталғанға дейін Роспотребнадзор Қазақстанға, сондай-ақ Беларуське, Армения мен Өзбекстанға коронавирустың жаңа түрін анықтайтын тест жіберді. Зертханалық диагностикалық құралдар "Вектор" мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығында жасалды.

Сәуір айында Ресей Қазақстанға коронавирустың зертханалық диагностикасын жасауға арналған 40 тест жинағын, сондай-ақ зерттеу жүргізуге арналған 100 жиынтықты берді.   

Жаңалықтар
0