23:17 27 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD422.40
  • EUR502.78
  • RUB5.59
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
45 0 0

Россотрудничество басшысы Евгений Примаков "Россия сегодня" ХАА өткен онлайн-конференцияда федералдық агенттік жұмысындағы өзгерістер туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Ресей посткеңестік елдерден мүмкіндігінше көп студенттерді тартуға және оларға жоғары оқу орындарында оқуға жағдай жасауды көздейді.

Шетелдіктерге стипендия тағайындалады

Ресей шетелдік азаматтарға Ресейдің жоғары оқу орындарында грант пен стипендияны көбейту арқылы ақысыз білім алуға квота беру жүйесін өзгертеді, деп мәлімдеді Россотрудничество басшысы Евгений Примаков.

Оның пікірінше, бұл жағдайда басқа елдердің талантты балалары оқу үдерісіне еш алаңдамаса да болады. Өйткені шараның ауқымы Ресей Федерациясына талапкерлерді көбірек тартады.

"Егер студенттерге мемлекеттік қаражат есебінен Ресейде білім алу құқығын берсек, жастардың күнкөріс қамымен такси жүргізушісі немесе күзетші болуынан гөрі, біз олардың анығында білім алғанын қалар едік. Мысалы, мен бағдарламашы мамандығын игеру үшін оқуға келдім бе, демек, такси жүргізушісі емес, нағыз бағдарламашы болуым керек", – дейді Примаков.

Агенттік басшысы мысал ретінде стипендия мен гранттар беретін америкалық және еуропалық құрылымдарды келтірді.

"Біз (Ресей – Sputnik) – тек квота ғана береміз. Бұл квотаның кейбір бөлігі минималды стипендиямен қамтамасыз етілуі керек деп есептеймін. Сонда ол пайдалы болады. Бұл бюджет ақшасын ысырап ету емес, бұл қайырымдылық емес. Бұл кейінірек міндетті түрде өзін ақтайтын жоба. Бірақ ол ұзақ уақытты қажет ететін нәрсе", – деп атап өтті Примаков.

Ресей Федерациясында оқыған шетелдіктер өзі туып-өскен жерде еңбек етіп, ізгі ниет елшісі болуы керек. Содай-ақ, ол өз елінің егемендігін нығайтып, Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға үлес қосуы тиіс.

Квота саны екі есеге артады

Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алуға квота саны көбейеді. Примаков қазірдің өзінде Ресей президенті Владимир Путиннің тиісті шешімі бар екенін атап өтті. Қазіргі бағдарлама 15 мың бюджеттік орынға арналған. 2023-2024 жылдары олардың саны екі есе көп болады.

Оқи отырыңыз: Россотрудничество биыл қандай реформаларды іске асырмақ?

"Коронавирус салдарынан экономикадағы жағдай қалай дамитынын білмейміз. Бірақ біз студенттерді азайтпайтын шешімнің бар екеніне сенеміз. Әрине, ең алдымен ТМД елдерінен, бұрынғы кеңестік республикалардан келетін адамдардың көбірек болуына мүдделіміз", – деді ол.

Посткеңестік елдер басымдыққа ие

Примаковтың айтуынша, Россотрудничествоның жаңа тұжырымдамасында посткеңестік елдерге ерекше назар аударылатын болады.

"Біздегі ең маңызды өзгеріс – ұйымдастырушылық емес, мағыналық болып табылады. Бұл қызметтің сыртқы көрінісінен бас тарту емес, оның ішкі басымдықтарына назар аудару, яғни бұрынғы КСРО-мен жұмыс істеу. Өйткені, мұндай басымдық Ресейдің сыртқы саяси тұжырымдамасында көрсетілген. Біз өз ресурстарымызды қайта бөлу арқылы осы басымдықты жүзеге асырмақпыз", – деп түсіндірді Примаков.

Егер бұрын Россотрудничестоның міндеті гуманитарлық қатысу, атап айтқанда, мәдениет, тіл және ғылым саласында болса, енді күн тәртібі айтарлықтай кеңейтіледі. Примаковтың пікірінше, көрмелер мен фольклорлық ансамбльдердің келуі нәтижесіз жұмыстың мысалы болып табылады.

"Енді гуманитарлық тірек санатына адам құқығы мен әлеуметтік аспектілердің қорғалуы және адамның жеңілдіктерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі  де енеді. Жаңа жаңартылған Россотрудничество – бұл шетелде қоғамдық пікір қалыптастыратын және онымен жұмыс жасайтын агенттік. Бұл өте маңызды нәрсе. Біз тек өз туымызды және өзіміздің ұлы мәдениетімізді көрсетумен шектеліп қалғымыз келмейді", – деді ол.

Тақырып бойынша

Жаңа оқу жылында студенттер қалай оқиды – білім министрі түсіндірді
Қазақстандық студенттер Ресейге қалай бара алады – елшілік ережені түсіндірді
Қазақстанда студенттер диплом жұмыстарын қалай қорғайды?
Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады – Примаков
Россотрудничество биыл қандай реформаларды іске асырмақ?
Кілт сөздер:
Ресей, студенттер
Загрузка...

Басты тақырып