Әлем

Путин "Спутник V" вакцинасын шетелде өндіру жоспарын жариялады

© REUTERS / TATYANA MAKEYEVAВакцинация от коронавируса
Вакцинация от коронавируса  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Владимир Путин препаратты жаппай өндіруге күш біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Ол сонымен қатар Ресейде жасалған үшінші вакцинаның дайын болып қалғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасы Қытай мен Үндістанда өндірілуі мүмкін, Ресей оны өндіру және қолдану кезінде BRICS бойынша серіктестерімен бірлесіп әрекет етуге дайын, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.

"Ресейдің тікелей инвестициялар қоры үндістандық және бразилиялық серіктестермен "Спутник V" вакцинасының клиникалық сынақтарын өткізу туралы, ал Қытай мен Үндістандағы фармацевтикалық компаниялармен осы елдерде біздің вакцинаны өндіру орталықтарын ашу туралы келісімдер жасасты, олар өздеріне ғана емес, үшінші елдер үшін де өндіреді", - деді Путин видеобайланыс арқылы өткен BRICS-тің XII саммитінде сөйлеген сөзінде.   

Ол мұны өте маңызды деп санайтынын атап өтті.

"Ресейлік вакциналар тиімді әрі қауіпсіз, мәселе оны жаппай өндіруде болып тұр. Осы өнімдерді азаматтық айналымға шығару үшін жаппай өндіру бойынша күш біріктіру өте маңызды", - деп РИА Новости Путиннің сөзінен үзінді келтірді.

Президент Ресейде жасалған коронавирусқа қарсы үшінші вакцинаның дайын болып қалғанына назар аударды.

"Біз оларды өндіру және қолдану кезінде BRICS бойынша серіктестерімізбен ынтымақтастық орнатуға дайынбыз", - деді Путин.  

Ресей басшысының пікірінше, COVID-19 індетімен бірінші болып бетпе-бет келген Қытай бүкіл әлемге вируспен табысты күресуге болатындығын көрсетті және ҚХР-дың бұл бағыттағы жұмысы басқа елдер үшін үлгі болды.

Қазақстандағы Ресей вакцинасы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Ресей басшысы Владимир Путинмен ресейлік вакцинаны өндіретін зауыт салу туралы келісім жасағанын хабарлады. Үкімет осы жобаға инвестиция тарту бойынша келіссөздерді бастап кеткен.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Тоқаев пен Путин Қазақстанда вакциналардың бірлескен өндірісін ұйымдастыру жоспарын телефон арқылы талқылады.  

Жаңалықтар
0