Әлем

Байденнің президенттігі кезінде Ресей қатаң санкцияларға ұшырауы мүмкін бе?

© AP Photo / Andrew HarnikДжо Байден
Джо Байден - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ-тағы билік келесі жылы ғана өзгереді. Бірақ Джо Байден Ресеймен қарым-қатынаста бұрынғы президентпен салыстырғанда, қатал позиция ұстанатыны анық

Себебі жақында осындай ең радикалды шараларды – қатаң санкцияларды демократтар ұсынған еді. Ал бұл Ресейдің экономикасына қаншалықты қауіп төндіретіні жөнінде РИА Новости жазды.

Ресейдің мемлекеттік қарызы

"Біз Ресейге деген позицияның қатты күшейетінін болжап отырмыз. Байденнің командасындағы Мәскеуге деген жеккөрушілік шынымен де таңқаларлықтай дәрежеде", – деп жазады Вашингтондағы батыстың жоғары дәрежелі дипломатының сөзін алға тартқан Financial Times.

Госсекретарь США Майк Помпео - Sputnik Қазақстан
Әлем
Вашингтон неліктен Тегеранға қарсы санкция енгізді?
Бірақ саяси декларациялау бір басқа, ал президенттің рөлін орындау мүлдем басқа. Байден қандай дәрежеде де қаталдық танытқанымен, Вашингтонның Ресей экономикасына айтарлықтай деңгейде зиян келтірудің көп мүмкіндігі жоқ, деп атап өтті Bloomberg.

Ең ауыр қауіп – Ресей мемлекеттік қарызына инвестиция салуға тыйым салу (федералдық несиелік облигациялар). Алайда бұдан бірінші кезекте америкалық инвесторлар – құнды қағаздардың ірі иелері зардап шегеді. Олар Байден әкімшілігін сотқа бере алады.

Оның үстіне, бұған жауап ретінде Ресей АҚШ қазынашылық облигацияларынан түбегейлі құтылуы мүмкін. Ал шектен тыс мемлекеттік қарыз және бюджеттің орасан тапшылығы жағдайында бұл Ақ үй үшін мүлдем пайдасыз.

"Солтүстік ағын–2"

"Солтүстік ағын–2"-ге қысымның күшеюі әбден ықтимал. Байден 2016 жылы Ресейдің энергетикалық жобасын Еуропа үшін нашар келісім деп атады.

"Бұл сайып келгенде, Украинадағы тұрақсыздықты тудырады. Ал Еуропа әртараптандырылған газ жеткізушілерге мұқтаж", – деген еді ол АҚШ-тың вице-президенті болып тұрған кезінде.

Қазан айының ортасында демократтың сайлауалды штабы мұны тағы да еске салды: олардың кандидаттарының позициясы еш өзгерген жоқ: ол ресейлік газ құбырына қарсы және "Еуропаның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға ұмтылады".

Алайда мұның бәрі сөз жүзінде қалып, ал іс жүзінде АҚШ-тың жаңа президенті Ресеймен саудаласып және жобаға қатысты қарсылығын жоққа шығаруы да мүмкін. АҚШ-тың Виргиния штатының бұрынғы сенаторы Ричард Блэк Байден Мәскеумен құрылысты "ың-шыңсыз" аяқтау туралы келіскенді жөн көреді деген пікірін сенімді түрде алға тартып отыр. Ал бұған айырбас ретінде ол Вашингтон үшін қандай да бір жеңілдіктерді сұрап алуға тырысуы мүмкін.

Жасыл бағыт және ОПЕК

Байден президенттігінің тағы бір жағымсыз тұсы – бұл жасыл бағыт деп аталатын энергетикалық саясат. Ол 2035 жылға қарай экологиялық таза энергияға, 2050 жылға қарай нөлдік шығарындыларға көшу үшін екі триллион доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Американское посольство в Москве - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ресей елшісі АҚШ-тың Еуропадағы зымырандарға қатысты мәлімдемесіне жауап берді
"Байденнің жеңісінен ең жақсы пайда табушылар – жаңартылатын энергия көздерінің компаниялары мен инфрақұрылым секторлары. Мұнай және газ, фармацевтикалық компаниялардың жағдайы керісінше нашарлауы, ал ірі технологиялық компаниялар монополияға қарсы реттеудің қауіпті аймағына енуі мүмкін. Мұндай жағдайда Ресей нарығы үшін санкциялардың күшею ықтималдығы артады", – дейді Финам сарапшылары 2020 жылдың төртінші тоқсанына арналған инвестициялық стратегияда.

"Ресей үшін нақты қауіп – ғаламдық деңгейде көміртегі салығын енгізу. Бұл сәйкесінше Ресейдің өзіндік құнын төмендетеді. Ол болат құюшылар мен түсті металлургтерге де қатысты", – деп атап өтті Манкевич.

Байден ОПЕК-ке де қысым жасауын жалғастыра беруі ықтимал.

Дегенмен, ол Иран мен Венесуэлаға қарсы санкцияларды жеңілдетуі мүмкін. Соның әсерінен олардың мұнайы әлемдік нарықтарға оралады.

"Иран күніне кемінде екі миллион баррель береді. Бұл ОПЕК+ келісімін шайқалтуы мүмкін", – деп ескертеді қаржы сарапшысы Артем Звездин.

"Ресейдің келісімнен шығу қаупі бар. Егер мұндай жағдай орын алса, келісім сәйкесінше, бұзылады. Ал Мәскеудің бұл келісімге қатысуына Дональд Трамп ықпал еткен еді", – деп жазады Reuters. Мұнай өндіруді қысқарту туралы келісім бұзылса, нарықта жаһандық проблемалар пайда болады, бұл мұнайдан түсетін кірістерге кері әсер етеді.

Алайда, мұның бәрі әзірге болжам ғана. Бәлкім, Байденнің командасы билікке келгеннен кейін әлдеқайда сындарлы бағытты ұстанатын шығар. Себебі сайлауалды науқан кезінде көтерілген ұрандар саясатта көп жағдайда дұрыс көмектеспейтіні анық.

Жаңалықтар
0