Әлем

Коронавирус жұқтырған ресейлік әнші көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әншінің күйеуі әйелімен бес жыл отасқанын айтты. Олар баланы тағатсыздана күткен, Джамиль деген есім таңдап қойыпты

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Коронавирус жұқтырған ресейлік әнші Лилия Сабирова босану кезінде қайтыс болды.

Өкпесі зақымданғандықтан, әйелдің жағдайы ауыр болған. Нәресте өлі туды, деп хабарлайды "Россия Татарстан".

Әншінің күйеуі Гадель Галимзянов әйелімен бес жыл отасқанын айтты. Олар баланы тағатсыздана күткен, Джамиль деген есім таңдап қойыпты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Лилия Сабирова (@lili_sabirova_official)

"Лилия ең мейірімді жан болатын. Бір-бірімізді сүйетін едік. Әрдайым уақытты бірге өткізетінбіз. Лилия бес уақыт намаз оқып, ауыз бекітетін еді", - деді Галимзянов. Лилия Сабированы нәрестемен бірге Қазан қаласында жерледі.

Жаңалықтар
0