Әлем

Ресейдің халық әртісі қайтыс болды

© Sputnik / Елена БережнаяВыставка уникальных фото и архивных документов, посвященных Холокосту
Выставка уникальных фото и архивных документов, посвященных Холокосту - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазан айында әртістің өкілі Жванецкий жасына байланысты көпшілік алдында өнер көрсетпеу туралы шешім қабылдағанын айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша — Sputnik. Белгілі ресейлік сатирик, Ресейдің халық әртісі Михаил Жванецкий 86 жасында көз жұмды.

"Сен бізден мәңгіге кеттің. Орны толмас қаза. Досым, сені ұмытпаймын. Сен әрдайым менің жүрегімдесің", - деп жазды Алла Пугачева Instagram парақшасында.

Қазан айында әртістің өкілі Олег Сташкевич РИА Новостиге, Жванецкий жасына байланысты көпшілік алдында өнер көрсетпеу туралы шешім қабылдағанын айтқан болатын.

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуБелгілі ресейлік сатирик, Ресейдің халық әртісі Михаил Жванецкий
Ресейдің халық әртісі қайтыс болды - Sputnik Қазақстан
Белгілі ресейлік сатирик, Ресейдің халық әртісі Михаил Жванецкий

Михаил Жванецкий 1934 жылы 6 наурызда Одессада (Украина) дәрігерлер отбасында дүниеге келген.

Жванецкий "Встречи на улицах" (1982), "Год за два" (1987), "Моя Одесса" (1993), "Собрание произведений"  3 том (2001) кітаптарының авторы.

Жаңалықтар
0