Әлем

Нұр-Сұлтанда үлкен этнографиялық диктант жазылды

© Sputnik / Артем Креминский / Медиабанкке өтуДень народного единства в регионах России
День народного единства в регионах России - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейде тұратын халықтардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі туралы 30 сауал түріндегі марафонды Ресей ғылым және мәдениет орталығы ұйымдастырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Бұл диктант үшін екі алу айтарлықтай ұят емес. Оны жазғаннан кейін қатысушылар Ресей мен Қазақстанда тұратын халықтар туралы көп дүниені әлі де жете білмейтініне өз таңданыстарын жасыра алмады.

Үлкен этнографиялық диктант –  дәстүрлі халықаралық ағартушылық акциясы. Ол биыл әлемнің көптеген елінде онлайн режимде өтіп жатыр. Ресейдің ғылым және мәдениет орталығына келгендер пандемияға қатысты барлық сақтық шараларын сақтай отырып, қызықты жобаға тікелей қатысуға мүмкіндік алды.

Шара барысында ұлттық ән-жырлар мен ұлттық тағамдар, тарихи оқиғалар мен фольклорлық ерекшеліктер туралы сауалдар қойылды. Алайда өздерін бұл мәселелерден хабардармыз деп санаған қатысушыларға біраз ойлануға тура келді. Дегенмен, диктант нәтижесі қазақстандықтардың Ресей Федерациясында қоныстанған халықтардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы жайлы біраз мәлімет білетінін байқатты.

Үлкен этнографиялық диктант Ресейде аталып өтетін Халықтар бірлігі күніне орай ұйымдастырылды.

"Бұл – ресейлік мереке. Біз үлкен бір отбасынан шықтық, демек, біз-бірімізбен байланысымызды үзіп алмауымыз қажет. Ол үшін сан түрлі халықтың мәдениетіне құрметпен қарғанымыз жөн. Оның үстіне, Қазақстан да, Ресей де – көпұлтты және көпконфессиялы мемлекеттер", – деп атап өтті Россотрудничестваның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Алексей Коропченко.

Үлкен этнографиялық диктантты Удмурт республикасының ұлттық саясат министрлігі мен ұлттар ісі жөніндегі федералды агенттігі ұйымдастырды. Қазақстанда бұл жоба Россотрудничества өкілдігінің ұйытқы болуымен жүзеге асырылды.

Диктантты 8 қарашаға дейін miretno.ru сайтында қашықтан жазуға болады. Өз біліміңізді тексеріп көріңіз!

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар латын графикасымен алғаш рет диктант жазды

Жаңалықтар
0