Әлем

Ресей елшілігі АҚШ-та алты азаматының айыпталуына қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАмериканское посольство в Москве
Американское посольство в Москве - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вашингтондағы Ресей елшілігі АҚШ-тың бүкіл әлемдегі хакерлік және тұрақсыздандыру әрекеттеріне қатысы бар деп Ресей азаматтарына таққан айыптарын жоққа шығарады

Бұған дейін АҚШ-тың әділет министрлігі мен федералды тергеу бюросы басқа елдердің инфрақұрылымына шабуыл жасау мақсатында хакерлік шабуылдарға және зиянды бағдарламалардың таралуына қатысы бар деп бес ресейлікті айыптағаны белгілі. Атап айтқанда, оларға 2017 жылы NotPetya вирусының таралғаны үшін айып тағылуда, деп мәлімдеді дипломатиялық миссияның өкілі РИА Новости агенттігіне.

АҚШ-тың болжамынша, бұл адамдар бас барлау басқармасының қызметкерлері және олар Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға кибершабуылдарды ұйымдастырған. Өз кезегінде Ұлыбритания да Ресей барлау қызметі Токидағы Олимпиада ойындарын кейінге қалдырғанға дейін ұйымдастырушыларға кибершабуыл жасауды жоспарлағанын мәлімдеді.

Сторонники Байдена и Трампа на предвыборных демонстрациях - Sputnik Қазақстан
Әлем
АҚШ-тағы президент сайлауы: Ресей кімді қолдайды?

"Мұндай жаңалықтардың шындыққа жанаспайтындығы және америкалық қоғамда көңіл-күйді қоздыруға, тыңшылардың ізіне түсуге бағытталғандығы анық. Мұның бәрі бірнеше жылдан бері Вашингтонның саяси өмірінің айрықша сипатына айналып келеді. АҚШ билігі бір кездердегі прагматикалық Ресей-АҚШ қарым-қатынасын бұзып, өз тұрғындарына Ресейге және онымен байланысты барлық дүниеге қатысты теріс түсінікті жасанды түрде таңып отыр", - деп түсіндірді бұл туралы елшілік өкілі.

Агенттікке сұқбат беруші Ресейдің бүкіл әлемді "тұрақсыздандыратын операцияларға" қатысуға деген ниетінің жоқтығын және болмағанын атап өтті.

"Бұл біздің сыртқы саясатымызға, ұлттық мүдделерімізге, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың қалай құрылатындығы жөніндегі таным-түсінігімізге сәйкес келмейді. Ресей басқа елдердің егемендігін құрметтейді және олардың ішкі ісіне араласпайды", - деп толықтырды ол сөзін. 

АҚШ пен Ұлыбританияның ресейлік хакерлерді түрлі шабуылдар, оның ішінде Токио Олимпиадасының ұйымдастырушыларына қатысты әрекетке айыптауы негізсіз екенін және оның ішкі аудиторияға бағытталғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0