Әлем

Ресей гипердыбысты "Циркон" зымыранын сынақтан өткізді

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуРФ президенті Владимир Путин
РФ президенті Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Владимир Путинге туған күні қарсаңында зымыранның сәтті сыналғаны туралы хабарланды. Ол қару-жарақ жұмысына қатысқан азаматтарды құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан - Sputnik. Ресей гипердыбысты "Циркон" зымыранын сынақтан сәтті өткізді. Зымыран Баренц теңізіндегі нысанаға дөп тиді, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей қарулы күштері бас штабының басшысы, армия генералы Валерий Герасимов "Циркон" гипердыбысты зымыраны Ақ теңізден сынақтан өткізу кезінде Баренц теңізіндегі нысананы дәл көздеп, 8 Maх-тен жоғары жылдамдыққа жеткенін (сағатына 9,5 мың шақырым) мәлімдеді.

Зымыранды сынақтан өткізу бір күн бұрын, сағат 07.15-те Ақ теңіздің "Кеңес Одағының адмиралы Горшковтың флоты" акваториясында өткізілді.

Зымыранның ұшу қашықтығы 450 шақырымды, ең жоғары биіктігі 28 шақырымды, ал ұшу уақыты 4,5 минутты құрады.

Осылайша, зымыран секундына 1,6 шақырым немесе сағатына 5,7 мың шақырым жылдамдықпен қозғалды. Ең жоғары жылдамдық 8 Мах-тен, яғни сағатына 9,5 мың шақырымнан асуы керек еді.

Ресей президенті Владимир Путин "Циркон" гипердыбысты қанатты зымыранның жұмысына атсалысқан азаматтарды құттықтады.

Тағы оқыңыз: Путин қандай оқушы болған – Ресей президентінің сыныптастары естеліктерін бөлісті

"Бұл жұмыстың артында біздің ғалымдарымыздың, құрастырушыларымыздың, талантты жұмысшыларымыздың, әскери мамандарымыздың орасан еңбегі тұрғанын жақсы білеміз. Бұл – қарулы күштерді ең жаңа жүйелермен жарақтандырудың үлкен кезеңі. Мен "Цирконның" жұмысына қатысқан азаматтарды құттықтаймын. Қорғаныс министріне де алғыс айтқым келеді. Себебі, сіздің тек тапсырыс беруші ретінде ғана емес, сондай-ақ, осындай заманауи жүйелерді құру процесінің толыққанды қатысушысы ретінде де әрекет еткеніңізді білемін", - деді Путин бейнеконференция арқылы Бас штаб басшысы Валерий Герасимовпен кездесу барысында.

"Мен баршаңызға атқарылған жұмыс пен оның нәтижелері үшін алғысымды айтқым келеді. Болашақта Ресей армиясын қайта қаруландыруға қатысатын барлық маман дәл қазіргідей тиімді және табанды түрде жұмыс істейді деген сенімім бар", - деп атап өтті президент.

"Циркон" зымыранына сынақ аяқталғаннан кейін ол Ресей әскери теңіз флотының сүңгуір қайықтары мен жерүсті кемелерінің қатарына қосылады, деді Герасимов.

Жаңалықтар
0