09:03 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
150 0 0

Болашақта бұл әзірлемелер теңіздегі ғарыш айлағынан ұшырылатын орта класты зымыран тасығыштың өнеркәсіптік өндірісінде қолданылады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. "Морской старт" қалқымалы ғарыш айлағына иелік ететін S7 компаниялар тобының даму орталығы бірінші сатыдан кері қайтатын жеңіл зымыран-тасығыш жасай бастады.

Бұл тәжірибе жүзетін ғарыш айлағы үшін жаңа зымыран жасауда пайдаланылатын болады деп жоспарланған.

"Біз бірінші сатыдан кері қайтатын екі сатылы сұйық отынды зымыран-тасығышын құруды бастадық", – деп мәлімдеді S7 компаниялар тобының баспасөз қызметі. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Болашақта бұл әзірлемелер "Морской старт" ғарыш айлағынан ұшырылатын орта класты зымыран-тасығыштың өнеркәсіптік өндірісінде пайдаланылатын болады.

"Морской старт" ғарыш айлағы неліктен ракетасыз қалды

"Морской старт" ғарыш айлағы Украинада болған 2014 жылғы оқиғалардан кейін ракетасыз қалды. Бұл кезге дейін аталған айлақ "Зенит" ракетасымен қамтамасыз етіліп келген.

"Роскосмос" сол кезде "Зениттің" орнын басатын "Феникс" зымыранын (қазіргі "Союз-5" немесе "Иртыш") жасай бастады. Сондықтан да "Роскосмос" S7 тобына "Морской старт" ұшыру айлағын пайдалануды ұсынады. Ал Байқоңырдан ұшырудың алғашқы сынағы 2023 жылға жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Ресей Байқоңырдағы жабдықтың бір бөлігін Қазақстанға қайтаруды ұсынды

Тамыз айында Ресей премьер-министрінің орынбасары Юрий Борисов теңіз ғарыш айлағы 2023-2024 жылдары ұшырылымды қайта бастауы мүмкін деп мәлімдеді.

"Морской старт" жобасы туралы не білеміз

"Морской старт" жобасы 1995 жылы құрылған. 2016 жылы оны S7 тобы сатып алды. Ал 2020 жылы аталған кешен АҚШ-тан Ресейге жеткізілді.

Тақырып бойынша

"Союз МС-15" кемесі Қазақстанға қонды
"Байқоңыр" ғарыш айлағы: жұлдыздар әлеміне апарар жол – фото
"Байқоңыр" мерейтойы - ғарыш айлағын дамыту жоспары туралы айтылды
Адамдар ғаламшарды қалай "өлтіріп" жатыр – жаға ұстатарлық 15 фото
Нұр-Сұлтанда Мамин мен "Роскосмос" басшысы Рогозин кездесті
Кілт сөздер:
"Байқоңыр" ғарыш айлағы, зымыран
Загрузка...

Басты тақырып