05:24 28 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.75
  • EUR507.45
  • RUB5.61
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (673)
40 0 0

Лавровтың айтуынша, қазақстандық студенттердің Ресейге кіруіне мүмкіндік беретін нақты шарттар жақын арада анықталады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрлігі студенттердің Қазақстаннан Ресейге бару мәселесі бір ай ішінде шешіледі деп үміттенеді. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен бірлескен баспасөз мәслихатында айтты.

"Барлық елдің студенттеріне, соның ішінде Қазақстанға (Ресейге кіруге) мүмкіндік беретін нақты шарттар жақын арада анықталады. Көршіміздің бізге алғашқылардың бірі болып оқуға келгенін қалаймыз. Негізгі ойымыз, келетін студенттерді белгілі бір деңгейде топтастыру арқылы апта сайын жайғастыруды көздейміз. Бұл мәселе бір айдың ішінде шешіледі деп үміттенемін", – деді Лавров.

Оның айтуынша, тиісті шешімдер қабылдайтын жедел штаб бар.

"Бұл мәселе сыртқы саясат туралы емес, тіпті білім министрлігіне де тиесілі емес. Бұл ең алдымен, екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық органдарының мәселесі. Біз шетелдік студенттерге қатысты туындаған проблеманы арнайы қарастырдық. Ресейде бір-екі жыл оқығандар да, университетке жаңадан түскендер де қалыпты оқу үдерісін жалғастырғысы келеді", – деді Ресей сыртқы істер министрі.

Сонымен қатар, министр Ресей мен Қазақстан шекараларын ашу уақыты эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенін атап өтті.

"Ал шекаралардың ашылуына қатысты айтар болсам, бұл тек эпидемиологиялық органдарға байланысты. Тамыздың соңында Мәскеуде келіссөздер жүргізілді. Біз тезірек қалыпты өмірге оралғымыз келеді деген жалпы түсінік бар. Десек те, пандемия мен коронавирусқа қарсы күресіміз жақын арада мұны жасауға мүмкіндік береді деп үміттенемін", – деп түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз: Мәскеуде ресейлік студенттер қазақ тілін не үшін үйреніп жатыр?

Айта кетейік, Қазақстанның сыртқы істер министрі Шанхай ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды. Бұл екі ел министрлерінің 2020 жылдың басынан бергі алғашқы кездесуі.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (673)

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтан әкімі студенттер мен магистранттарға грант бөлді
Жаңа оқу жылында студенттер қалай оқиды – білім министрі түсіндірді
Енді қазақстандық студенттер үйден шықпай-ақ оқу орнын ауыстыра алады
Сағынтаев кезекші сыныптарға студенттер сабақ береді деген ақпаратты жоққа шығарды
Студенттер шағымынан кейін "Астана" университетінде тексеріс басталды
Кілт сөздер:
студенттер, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып