Әлем

Мұхтар Тілеуберді Ресей сыртқы істер министрімен кездеседі

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуВизит министра иностранных дел РФ С. Лаврова в Казахстан
Визит министра иностранных дел РФ С. Лаврова в Казахстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесу барысында аймақтық күн тәртібі мен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. 9 қыркүйекте Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездеседі.

"9 қыркүйекте Мәскеуде келіссөздер өтеді, ШЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесі асында Сергей Лавров Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрімен кездеседі", - деді Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова брифингте.

Оның айтуынша, кездесу барысында екіжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың негізгі тақырыптары талқыланады деп жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Сыртқы істер министрі Тоқаев қандай тапсырма бергенін айтты    

9 қыркүйекте Лавров сондай-ақ қырғызстандық әріптесімен келіссөз жүргізеді.

"Біздің елдеріміздің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асуына ықпал етеді", - деп толықтырды Захарова.

Оның мәліметінше, кездесуде аймақтық күн тәртібі мен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, жоғары деңгейдегі алдағы қарым-қатынастар кестесі талқыланады.

Жаңалықтар
0