Әлем

Ресей қорғаныс министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина дайын болғанын хабарлады

© REUTERS / STRINGERШприц с вакциной против коронавируса
Шприц с вакциной против коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери ведомство теске қатысушылардың барлығының ағзасында иммундық реакция пайда болғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Жаңа коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік вакцина дайын болды, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Руслан Цаликов "Аргументы и факты" газетіне берген сұхбатында.

Таяуда клиникалық сынақтар аяқталып, барлық ерікті ауруханадан шығарылған болатын. Әскери ведомство теске қатысушылардың барлығының ағзасында иммундық реакция қалыптасқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі 

Бұған дейін Сеченов университетіне қарасты дәрілік заттарды клиникалық зерттеу орталығының жетекшісі Елена Смолярчук те осы мекемеде вакцинаны сынақтан өткізіп жатқан барлық еріктінің ағзасында коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болғанын мәлімдеген еді.

Оның айтуынша, үш аптадан кейін, яғни иммундық жүйенің реакциясы басталған кезде қорғаныс тұрғысынан ең жоғары нәтижеге қол жеткізіледі.

Сонымен қатар, әзірге иммунитет қанша уақыт бойы сақталатынын айту қиын, деп түсіндірді Смолярчук. Өйткені ғалымдар бұл сұраққа клиникалық зерттеулердің келесі кезеңінен кейін жауап беруі тиіс.  

Жаңалықтар
0