Әлем

Ресей әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны жағынан екінші орынға шықты

© Sputnik / Vitaly Timkiv / Медиабанкке өтуГраффити "Спасибо врачам" в Краснодаре
Граффити Спасибо врачам в Краснодаре  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Індетке шалдыққандардың жартысы Мәскеуде тіркелді, жалпы Ресейде 290 мыңнан астам адам коронавируспен ауырды

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Ресей Федерациясында 290 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды. Осылайша, бұл ел науқастардың саны жағынан екінші орынға шықты.

Бірінші орында АҚШ тұр, онда 1,5 миллионнан астам адам ауырып, 90 978-і қайтыс болды, 350 мыңға жуығы сауығып шықты. 

"Бүгінгі күні Ресейдің 85 аймағында 290 678 коронавирус ауруын жұқтыру оқиғасы анықталды. Осы уақытқа дейін 2722 адам қайтыс болды, 70 209 адам жазылды", - деп хабарлайды Мәскеудің жедел штабы.

Сонымен қатар, науқастардың тәуліктік өсімі күн сайын азайып келеді, соңғы тәулікте 81 аймақта 8 926 жаңа коронавирус жұқтыру оқиғасы анықталды.

Олардың 40,1% -інде аурудың клиникалық белгілері болмаған. 91 адам қайтыс болды. Ресейде бір күнде 2 836 адам толық айықты.

Оқи отырыңыз: ДДҰ коронавирусқа қарсы қолданылатын әдістің тиімсіз екенін айтты 

"Соңғы тәулікте коронавирус фактілерінің көбісі Мәскеуде анықталды – 3 238 адам. 80% -тен астамы 65 жасқа дейінгі адамдар. Ресей астанасында бүгінгі күнге дейін 146 062 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді", - делінген хабарламада.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінгі күнге дейін әлемде 4,8 миллион адам коронавирусқа шалдықты. Оның 317 мыңға жуығы қайтыс болды. 1,8 миллион науқас сауығып шықты.   

Жаңалықтар
0