Әлем

Ресей бетперделерді тек ЕАЭО-ға мүше елдерге ғана экспорттайтын болды

© Sputnik / Владислав ВодневМедицинская маска на фоне панорамы города
Медицинская маска на фоне панорамы города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осыдан екі ай бұрын Ресей медициналық бұйымдарды экспорттауға уақытша шектеу енгізген болатын. Енді оларды тек Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге ғана жіберу туралы шешім қабылданып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Ресей жеке қорғаныс құралдарын тек ЕАЭО-ға мүше елдерге ғана экспорттайды, деп хабарлады РИА Новости.

Бүгіннен бастап көрші елдің үкіметі жеке қорғаныс құралдарын, оның ішінде бетпердені экспорттауға қойған шектеуді алып тастады.

Осыдан екі ай бұрын Ресей уақытша шектеу қойған болатын. Оның мерзімі тек 1 маусымда аяқталады деп жоспарланған. Кейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер жеке қорғаныс құралдарын одақ аумағынан шығармау жөніндегі акт қабылдады.

"Осылайша, одақта бірыңғай шара енгізілді. Сондықтан Ресей үкіметі ұлттық шектеуді алып тастап, одаққа мүше елдермен ортақ шешімге келді", - деп хабарланып отыр.

Еуразиялық экономикалық одақ - 2015 жылдың 1 қаңтарында құрылған халықаралық интеграциялық экономикалық одақ. Оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беарусь және Армения мүше. 

Жаңалықтар
0