14:46 07 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD419.66
  • EUR500.44
  • RUB5.62
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2140)
16801

Ресей Федерациясында коронавирусқа шалдыққандардың саны 3,5 мың адамнан асты, 30 адам қайтыс болып, 235-і жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин халыққа үндеу жасай отырып, жұмыс істелмейтін күндер режимін 30 сәуірге дейін ұзартуды тапсырды.

"Тұтастай алғанда, біз әзірге аға буын өкілдерін қауіп-қатерден қорғап, балабақшалар мен мектептерде, жоғары оқу орындарында және басқа да білім ошақтарында індеттің таралуына жол бермей келеміз, бұл өте маңызды", - деп атап өтті президент. 

Путин қауіп әлі сейілмегенін және әлемде, соның ішінде Ресейде індет ең жоғары шегіне әлі жетпегенін мәлімдеді.

"Осыған байланысты мен жұмыс істелмейтін күндер режимін 30 сәуірді қоса алғанда, айдың соңына дейін ұзартуға шешім қабылдадым", - деді Владимир Путин.

Ресейде коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланған жоқ, бірақ Владимир Путин өңірлерге бұл мәселені өз бетімен шешуге рұқсат берді.

"Президенттің жарлығына сәйкес, қандай режим енгізу керектігін өңірлердің өзі шешеді", - деп мәлімдеді Путин.

Азық-түлік дүкендері, дәріханалар, ауруханалар мен тіршілікті қамтамасыз ететін ұйымдар жұмысын жалғастырады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

Сондай-ақ, Ресей президенті жұмыс істелмейтін күндер қысқартылуы мүмкін екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда Ресейдің 76 өңірінде 3548 адам коронавирус жұқтырды. 30 адам қайтыс болып, 235 адам жазылып шықты.  

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2140)

Тақырып бойынша

Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді?
Ресей шекарасын жабады
Путин Ресейде бір апта демалыс жариялады
Ресей коронавирусты жоғары дәлдікпен анықтайтын тест жасап шығарды
Қазақстандық дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты
Кілт сөздер:
Ресей, Владимир Путин, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып