Әлем

АҚШ санкциялары Ресейге қалай әсер етеді

© РИА Новости / Медиабанкке өтуроснефть
роснефть - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вашингтон Роснефтьке қарсы тікелей санкциялар салудан қорықты, өйткені бұл жағдайда бүкіл әлемдік энергетикалық нарық зардап шегеді

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Ресейге қарсы барлық санкция осы санкцияларды енгізетін ел саясаткерлері қабылдауының бірнеше кезеңінен өтеді. Жалпы қабылдау, түсіну эволюциясы әрдайым бірдей сценариймен жүреді: алдымен қорқынышты мәлімдемелер, содан кейін үміт, содан соң тыныштық, содан кейін күтілген нәтижеге қол жеткізілмегенін мойындау. Айналып келгенде, санкциялық шектеулерді енгізгендердің өздері де Ресей секілді шығынға батады, деп жазады РИА Новости.

Франция президенті Макрон жақында ғана Мюнхен қауіпсіздік конференциясында дипломаттар мен әскери қызметкерлер алдында сөйлеген сөзінде өзінің бұл мәселеге қатысты көзқарасын білдірді.

"Бізде қақтығыстар мен жүйеге деген сенімсіздік, киберқауіпсіздік саласындағы қақтығыстар, санкциялар жинақталып қалды. Бұл шектеулер Ресейді өзгерте қоймады. Мен санкцияларды алып тастауды ұсынып тұрған жоқпын. Тек бар мәселелерді айтып отырмын. Біздің санкцияларымыз Ресей үшін қаншалықты қымбат болса, еуропалықтар үшін де соншалықты қымбатқа шығып тұр", - деді Макрон.

Бұл тек бір ғана оқиға емес, француз дипломаттары санкция мәселесін қайта-қайта көтеріп жатыр. Мәселен, Франция президентінің Ресеймен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Пьер Вимон француз сенаторларының алдында сөз сөйлеп, тайсалмай өз ойын жеткізді:

"Еуропалық санкциялардың нәтижесі мынадай: біріншіден, Еуропада сауда-саттық төмендеді, біз бұл санкциялардан шынымен де зардап шектік. Ал егер цифрларға қарасақ, Ресей мен АҚШ арасындағы сауда көлемінің өскенін байқаймыз. Екіншіден, біз осы санкциялар арқылы Ресейге ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мүмкіндік бердік. Үшіншіден, біз белгілі бір дәрежеде Ресейді Қытайға итермелей түстік. Атап айтқанда, олар жаңа технологиялар саласындағы маңызды серіктеске айналды".

Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегордың жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
UFC Нурмагомедовке Макгрегорды жеңгеннен кейін санкция қолданды
Алайда, Париждің мұндай ашық әңгімелері Вашингтондағылар үшін көрсеткіш емес. Айқын дәлел ретінде АҚШ-тың Ресейдегі ірі мұнай өндіруші "Роснефть" компаниясының швейцариялық еншілес кәсіпорнына Венесуэла мұнайын сатқаны үшін санкция салуын айтуға болады.

Бастапқыда санкциялар туралы хабарлама Мәскеу биржасында аздап дүрбелең тудырды. Дегенмен, Роснефть акцияларының бағасы біршама төмендегеннен кейін бұрынғы деңгейіне қайта оралды. Бұл жағдайды соншалықты салқынқанды қабылдау компанияның жауап мәлімдемелеріне ғана байланысты емес. Вашингтонның Венесуэла бағытындағы болашағына америкалық және еуропалық бұқаралық ақпарат құралдары батыс сарапшыларына сілтеме жасай отырып талдау жүргізген еді.

Солай десек те, мұның негізгі мәнісі мынау еді: Вашингтон Роснефтьке қарсы тікелей санкциялар салудан қорықты. Бұл жағдайда бүкіл әлемдік энергетикалық нарық зардап шегеді. Өйткені, ресейлік компанияның миноритарлық акция пакетінде британиялық British Petroleum мен Катардың тәуелсіз инвестициялық қорының үлесі бар.

Ал Венесуэлада мұнай өндіретін еншілес компанияға санкциялар салу арқылы "Роснефть" компаниясын Оңтүстік Америка мұнай бағытынан аластату көзделді. Сондай-ақ, санкциялардың жанама мақсаты - Ресей билігінің ресми Каракас пен президент Мадуроны қолдауды жалғастыруының мағынасыз екендігін көрсету. Алайда, бұл тәсілдің тиімділігіне күмәнмен қарайтындар көп.

"Путиннің Венесуэланы қолдауын тоқтату өте қиын", - деп хабарлады "Америка дауысы" радиосы.

Ал Рейтер агенттігі Signum Global Advisors компаниясының өкілі Эндрю Бишоптың "Мәскеу Венесуэла мұнайын экспорттауды жалғастырғысы келсе, АҚШ-тың бүгінгі санкцияларын айналып өтудің басқа жолдарын табады" деген сөзін жариялады.

Жалпы, америкалық дипломатия ұзақ уақыт бойы мазмұнды келіссөздер жүргізу мүмкіндігін жоғалтқаны жасырын емес. Ал АҚШ-тың мемлекеттік департаменті қолынан келгенін жасауда. Санкциялар енгізу мүмкін болса, келіссөз жүргізу неге керек? Бұл тұрғыда Мәскеу мен Париж арасындағы қатынастарды жаңғыртудың перспективасы (мейлі, ол тым кешеуілдеп жанданса да) анағұрлым қолайлы секілді.

Жаңалықтар
0