Әлем

Тоқаев 10-сыныпта қабылдаған шешімі өмірін қалай өзгерткенін айтты

© AP Photo / Andrea VerdelliПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, архивное фото
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге берген сұхбатында ММХҚИ-да алған білімі дипломат болып, табысты карьера жасауына көмектескенін айтты   

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жетістіктеріне Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында (ММХҚИ) алған білімінің арқасында қол жеткізгенін мәлімдеді.

Бірінші арнаның эфирінен аты аңызға айналған университеттің тарихына арналған "ММХҚИ әлемнің барлық тілінде" бағдарламасы көрсетілді. Фильм авторлары университеттің танымал түлектерімен, оның ішінде Қазақстан басшысы Тоқаевпен кездесті.

Қазақстан президенті ММХҚИ-де білім алуы оның өмірінде қандай рөл атқарғанын айтты.

"ММХҚИ-де оқымағанымда бұлай карьера жасай алмас едім деп ойлаймын. Әсіресе БҰҰ Бас хатшысының орынбасары ретінде жұмыс істегенімді айтатын болсам. Сондықтан ММХҚИ халықаралық бренд десек, асыра айтқандық емес", - деп атап өтті Тоқаев.

Болашақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев оныншы сыныпта оқып жүргенінде-ақ тек қана ММХҚИ-ға түсемін деп шешім қабылдаған. Ол ректорға хат жазып, институтқа қабылдау ережелері туралы сұрапты.

"Қатты таңқалдым, өйткені мұндай хаттарға жауап беретінін білмедім, бірақ соған қарамастан жауап алдым. Әйтеуір, олар менің құжаттарымды қабылдады, 4 шілдеде алғашқы, 11 шілдеде соңғы емтиханды тапсырдым, 12-13 шілдеде мені Мәскеу маңына картопқа жіберді", - деп еске алды Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Бұл уақытша ғана нәрсе екен...": Қасым-Жомарт Тоқаев ашық сұқбат берді

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты 75 жылдық мерейтойын атап өтеді.   

Бүгінгі таңда институт 18 бағыт бойынша мамандар дайындайды, онда 16 ғылыми орталық жұмыс істейді және 53 тіл оқытылады.  

Жаңалықтар
0