Әлем

Жұмысшылар жатақханасы су астында қалып, 15 адам қаза болды – видео

© Photo : Пресс-служба ГУ МЧС России по Красноярскому краю / Медиабанкке өтуПрорыв дамбы в Красноярском крае
Прорыв дамбы в Красноярском крае - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бөгет жарылған кезде жоғалған 13 адамның жетеуі аман-есен табылды. 6 жұмысшының тағдыры белгісіз, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Ресейдің Краснояр өлкесінде бөгет жарылуы салдарынан қаза тапқандардың саны он бес адамға жетті, жеті адам аман-есен табылды, деп хабарлады РИА Новости.   

Алты жұмысшының тағдыры белгісіз күйінде қалып отыр. Оларды іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.

Курагинский ауданындағы Щетинкино елді мекенінің аумағында алтын өндірушілер артелінің технологиялық су қоймасының бөгеті бүгін таңертең жарылған болатын. Салдарынан екі жұмысшылар жатақханасы су астында қалды. 15 адам қаза болды, тағы 14-і жарақат алды.

Тағы оқыңыз: Ресейдің Краснояр өлкесінде бөгет жарылып, екі жатақхана су астында қалды

Тергеушілер жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жергілікті биліктің мәліметінше, бөгет "Сибзолото" холдингіне тиесілі, бірақ еш жерде тіркелмеген, оны барлық норманы бұза отырып, жедел түрде салған.

Дүйсенбі, 21 қазан Краснояр өлкесінде аза тұту күні болып жарияланды.

Жаңалықтар
0