Әлем

Ресейде ең үздік қазақ әжесі анықталды - фото

© Sputnik / Анатолий УстиненкоНаурыз 2018 в Алматы
Наурыз 2018 в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Челябі облысында 35 мыңнан астам қазақ тұрып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз — Sputnik. Ресейдің Челябі облысындағы Верхнеурал ауданында "Туған жер" атты алтыншы өңірлік қазақ мерекесі аталып өтті.

Тамылжыған әсем ән мен ұлттық билер – тұмса табиғат аясындағы мереке бағдарламасы қонақтардың таң-тамаша қалдырды. Шараға Қурган, Свердлов облыстары, Мәскеу, Башқұртстан және Қостанай облысының тұрғындары қатысты.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің мәліметі бойынша, Челябі облысында бүгінде 35 мыңнан астам қазақ тұрып жатыр.

"Сіздер біздің көршімізсіздер, сол себепті, әлбетте, біз мерекеден қалмас едік. Туған жерден алыста тұрсаңыздар да, салт-дәстүрімізді ұмытпай, дәріптеп жүргендеріңізге ризамыз", - деді Қостанай облысы делегациясын бастап барған Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Азамат Әужанов

Ең "мықты" сайыс "Ең үздік қазақ әжесі" байқауы болды, бас жүлдені Верхнеурал ауданынан келген Кумиза Дусанова жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.

"Біздің ауданда мұндай мереке бірінші рет өтіп жатыр. Бізді қолдаған аудан басшысына алғысым шексіз", - деді мерекені ұйымдастыруға бастамашы болғандардың бірі Алтыншаш Тасқаранова.

Тағы оқыңыз: Сегіз жасар қазақ баласы Ресейде чемпион атанды

"Ұлт алтыны" байқауында 50 жыл отасқан ата-әжелер отбасылық бақытының құпиясымен бөлісті. Сонымен бірге "Үздік киіз үй", "Үздік шәй бұрышы", "Жайма – бешбармаққа арналған жұқа қамыр" және "Ұлттық ас мәзірі" сайыстары өтті.

"Мерекенің ең қызығы "Белая лошадь" ат спорты клубының өнері мен бәйге болды. Сахнада қазақтың сан алуан ұлттық ұжымдары өнер көрсетті", - деп мәлімет берді елшілік.

Фестивальді Челябі облысының мәдениет министрлігінің қолдауымен Челябі облысының Халықтар достығы үйі, Верхнеурал ауданы әкімшілігі және "Жақсылық" қазақ ұлттық-мәдени орталығы ұйымдастырған.

Жаңалықтар
0