Әлем

Жігітін зорлады деп айыптаған 18 жастағы қыздың үстінен іс қозғалды

© Photo : freestocks-photosҚыз бен жігіт
Қыз бен жігіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіп сақшылары бойжеткенге біреуге жала жапқаны үшін жауапқа тартылатыны туралы ескерткен

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Ресейдің Владикавказ өңірінде жас қыздың үстінен біреуге жала жапқаны үшін іс қозғалды. Бұл туралы Тергеу комитеті басқармасының сайтында хабарланған.

Әйел - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Көлікте бір топ еркек отыр" Жолсеріктер зорлады деген қыз қысымға ұшырағанын айтты

Тергеу мәліметіне сүйенсек, 18 жастағы бойжеткен ақпан айының басында полицияға "танысым зорлады" деп арыз берген. Құқық қорғаушылар жас қызға жалған арыз бергені үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертеді.

Тексеру барысында қыздың өтірік айтқаны белгілі болды, танысы ешқандай қылмысқа бармаған болып шықты.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, танысы деп отырған қыздың жігіті болса керек. Ол бойжеткеннің бұл арызын естіп аң-таң болған, негізінде екеуі бір-бірін ұнатып, көңіл қосқан екен.

Ресей заңы бойынша, қыз жала жапқаны үшін айыппұл төлеуі, түзету жұмысына салынуы немесе үш жылға дейін сотталуы мүмкін.

Жаңалықтар
0