Әлем

Тоғыз жасар бала өртеніп жатқан үйден анасы мен екі қарындасын алып шықты

© PhotoӨрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аз уақыт ішінде үй толықтай жанып кеткен

АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Ресейде тоғыз жасар оқушы өртеніп жатқан үйден үш адамды сыртқа алып шықты, деп хабарлайды Sputnik РФ ТЖМ Ульянов облысы бойынша бас басқармасына сілтеме жасап.

Жанған көлік - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Түркістан облысында көлікте үш жасар бала өртеніп кетті

"Бірінші кезекте ойланбастан бір жасар Алиса мен екі жасар Виолеттаны сыртқа алып шыққан. Кейін бала ұйықтап жатқан анасын оятып, оның сыртқа шығуына көмектескен", — делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің тұтануына балалар ойыны себеп болған. Әзірге құтқарушылар оған бүлдіршіннің қаншалықты қатысы барын анықтап жатыр. Десе де, үйдің өртеніп жатқанын бірінші бала байқағаны белгілі.

Жайсыз оқиға 14 қыркүйек күні болды. Өрт сөндірушілерді оқиға куәгерлері шақырған. 17 минут ішінде тілсіз жау ауыздықталды. Алайда осы уақыт ішінде үй толықтай жанып кетті.

Өткен жылдың қыркүйек айында Дағыстанның Бабаюрт ауылында тоғыз жасар Милана Юсупова өртеніп жатқан үйден 5-6 жасар екі баланы сыртқа алып шықты. Үш жасар оқушы қыз түтінді көріп, үйдің ішіне кірген. Кейін балалардың дауысын естіп оларға көмектескен.

Жаңалықтар
0